• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
07.06.2024
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түрмеде отырған белсенді, журналист Әйгерім Тілеужан 10 мамырда микро-инсульт алған. Азаттықтың хабарлауынша, бұл туралы 7 маусымда оның адвокаты Айнара Айдарханова айтқан. Бірақ ол кезде дәрігерлер әлі растамаған соң көпшілікке айта алмаған.

«[9 мамырдағы] демалыс күндері қан қысымы көтерілген. Таңертең оң жақ беті ауырып оянған, жансызданып, шаншыған. Оң көзі ісіп кеткен. Мен оны көргенде, көзі қанға толып тұрды. Осыған байланысты ол дабыл қақты. Бұған дейін мұндай нәрсе мүлде болмағанын айтты. Оң жақ беті жансызданып қалған. Дүйсенбі, таксофонға хабарласуға болатын күні жағдайы туралы хабарлады. Стресс, аштық, жүйкесі сыр бергені микро-инсульт тудыруы мүмкін. Себебі оны медициналық көмек көрсету үшін жеке клиникаға шығармағаны жүйкесіне тиді. Осы бойынша шағымдар жаздым. Бәрі жоспарланған сияқты еді. Ақша төлеп қойғанбыз. Бірақ оны шығармады» деді Азаттыққа адвокат Айнара Айдарханова.

Қорғаушының айтуынша, Әйгерім Тілеужанды әлі жеке клиникаға алып кетпеген, медициналық көмекті колонияда көрсетіп жатыр.

Әйгерім Тілеужан Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы «әуежайды басып алу» ісі бойынша төрт жылға сотталған. Журналист өзіне тағылған айыпты мойындамаған. Ол былтыр қарашадан бері Алматы облысы Жауғашты елді мекеніндегі әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

Кәсіби аудармашы Әйгерім Тілеужан белсенді ретінде 2016 жылғы жер митингілерінен кейін таныла бастаған. Тіркелмеген «Демократиялық партияның» мүшесі болған. 2022 жылдың басынан El Media медиа-жобасында журналист болып жұмыс істеген.

Қаңтар оқиғасынан соң Қазақстан билігі мәжіліс сайлауын тағайындап, партияға мүше емес адамдар жеке түсе алатынын мәлімдегенде, құжат тапсырған. Сайлау комиссиясы Тілеужанованы екі рет тіркеп, екеуінде де түрлі себеппен кандидат статусынан айырған. Сайлаудың алдында ол «Қаңтар құрбандарына арналған қаралы митинг ұйымдастырды» деген айыппен 20 тәулікке қамалған.

Келесі
Бірыңғай уақыт белдеуіне 50 мың қарсылық. Билік петиция талабын қарамақ

Бірыңғай уақыт белдеуіне 50 мың қарсылық. Билік петиция талабын қарамақ

Соңғы жазбалар

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

Бұрын сотталған бұрынғы президент тағы 2 жылға бас бостандығынан айырылды

13 июля, 2026
1,4 млрд долларлық шағым. Астанадағы сотта Украина компаниясы «Газпромды» жеңді 

Amanat депутаттарының заңдылығын тексеруге арызданған журналистке Конституциялық соттан жауап келді

12 июля, 2026
Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.