• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кездесуден бір аптадан соң. Сыналған Тоқаевтың Трамппен кездесуінің суреті тарады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
30.09.2025
Кездесуден бір аптадан соң. Сыналған Тоқаевтың Трамппен кездесуінің суреті тарады
Share on FacebookShare on Twitter

29 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың АҚШ-тағы кездесуінің фотосуреті жарияланды. Суретті Қазақстан президентінің көмекшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында жариялады.

Сурет Қазақстан басшысының 22 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ бас ассамблеясы сессиясы аясындағы кездесуде президент Трамппен сөйлесті дегеннен кейін тура бір аптадан соң жарияланып отыр. Сапар кезінде Қазақстан президентінің америкалық іскерлік орта өкілдерімен кездесуі жайында ресми ақпарат көздерінде жеке-жеке мәлімет жарияланып жатты. Президент Тоқаев БҰҰ қабырғасындағы кездесуде басқа да елдері басшыларымен жүздескен.

Осы кезде Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзияевтің президент Трамппен кездесуінен суреттер мен бейне-көріністер жиі тарады. Бұл Қазақстандағы қоғамдық пікір ауанына да әсер етті. Әлеуметтік желіде Қазақстан басшысын Өзбекстан президентімен салыстырып, Ташкент басшылығының сапары сәтті болған сияқты деген болжамдар айтылған.

Қазақстан президентінің БҰҰ жиынына сапарынан кейін бірінші кезекте сыртқы саясат мекемесін басшысы және өзінің кеңесшілерін бір демде ауыстыруы да ел назарын аударған. Көпшілік президент Тоқаевты Трамппен Мирзияев сияқты деңгейде кездеспеуін сыртқы саясат шенеуніктерінен көретіндігіні айтып, сынап жатты.

Осындай қоғамдық пікір туындаған соң, кездесуден бір аптадан кейін Тоқаев пен Трамптың кездесуінің суреті жарияланып отыр. Әзірге кездесу суреті неге өз уақытында жарияланбады, неге бір апта өткен соң барып таратылып отыр деген сауалға жауап берілмеді.

Келесі
Қақпашысы қайрат көрсетсе де, «Қайрат» «Реалдан» ұтылды

Қақпашысы қайрат көрсетсе де, "Қайрат" "Реалдан" ұтылды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.