• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 айы қалды. Депутат жағдайын білді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
31.07.2025
«Әуежайды басып алу ісімен» сотталған Әйгерім Тілеужанның микро-инсульт алғаны хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи 30 шілдеде Алматы облысы Іле ауданындағы Жауғашты әйелдер колониясында отырған белсенді Әйгерім Тілеужанға кіріп шыққанын хабарлады. Ол Азаттыққа Тілеужанмен бетпе-бет кездескенін айтты және Әйгерімнің ахуалын «жүзі жарқын, көңілді» деп сипаттады.

Азаттықтың хабарлауынша, депутат әлеуметтік желідегі постында бұл сөзін дәлелдейтін фото не видео жариялаған жоқ.

«Түрмеде отырса да, азаматтық [ұстанымы берік], жігерлі, қайратты. Қоғамда болып жатқан мәселелерге көңіл бөліп отырады екен» деді Ермүрат Бапи Азаттыққа.

«Шағымың бар ма?» дедім. «Ешқандай шағымым жоқ» деді. Шағымы болғанда енді түрменің өз ішіндегі жағдайлар ғой. Ескі түрме. 1937 жылы салынған. Одан бері жаңартылмаған. Соған байланысты гигиеналық талаптары бар. Ал басқа ешқандай талап айтқан жоқ» деді депутат.

Оның айтуынша, Әйгерім Тілеужанның ұсыныстары көп. Ол түрмедегі қыз-келіншектерге ағылшын тілін үйрету курсын ашу туралы және онлайн оқу мүмкіндігі туралы бастамалары барын айтқан. Депутат бұл жөнінде түрме әкімшілігімен сөйлескенін, алдағы уақытта қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арқылы онлайн оқу мүмкіндігін ақылдасып көретінінін де жеткізді.

Депутаттың сөзінше, Әйгерім Тілеужанның 1 жыл 7 ай мерзімі қалған. Ол өзін кінәлі санамайтынын және сол себепті мерзімнен ерте бұрын босату туралы өтініш бермейтінін де айтқан.

«Тек істі қайта қарауға ғана келісетінін, басқа ешқандай өтініш жазбайтынын, мерзімді толық өтеп шығатынын айтты» дейді Ермұрат Бапи.

Әйгерім Тілеужанның мерзімінен ерте босап шығу туралы өтініш беруден бас тартатынын, өзін тек ақтауды ғана талап ететінін адвокаты Айнара Айдархан «Республика» басылымына айтқан еді. Маусым айының соңында Айнара Айдархан Әйгерім Тілеужанның рақымшылық туралы заңға да ілінбейтінін айтқан еді.

Былтыр көктемде адвокаты Айнара Айдархан түзеу мекемесі Әйгерім Тілеужанды маңызды медициналық емін алу үшін емханаға апармай отыр» деп дабыл қаққан. Белсенді өзін қамау режиміне келіспей аштық жариялаған.

Сол жылы маусымда Әйгерім Тілеужанның анасы мен бір топ белсенді Астанаға барып, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен денсаулық сақтау министрлігі өкілдеріне «мекеме Әйгерімді тісін жөндетуге алып барсын» деген талап қойған. Анасының айтуынша, оны «машина жоқ деген себеппен тісін емдеуге апармаған». Ал депутат Ермұрат Бапидің сөзінше, Әйгерім Тілеужан өзі жазасын өтеп жатқан мекемедегі медицина кабинетінде – ем алудан, ал ол шақыртқан тіс дәрігері ем жүргізуден бас тартқан.

Журналист, белсенді Әйгерім Тілеужанды 2023 жылы шілдеде сот «Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайындағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды» деген айыппен 4 жылға түрмеге қамаған. Белсенді өзіне тағылған айыппен келіспейді.

2023 жылы қарашада апелляция алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған. Ал 2024 жылы шілдеде Жоғарғы сот Алматы әуежайын «басып алу» ісін қайта қарауға «негіз жоқ» деп шешті.

Қазақстандық құқық қорғаушылар істің саясиланғанын айтып, Әйгерім Тілеужан және осы іс бойынша сотталған өзге белсенділерді «саяси тұтқын» деп таныған.

Келесі
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

Соңғы жазбалар

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады

Трамп Путиннің атынан жауап берді – Ресей Украинамен мәмілеге бейіл

10 сентября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистердің ынтымақтастығы күні алдында. БАҚ-тың парламенттегі жұмысын шектейтін ереже жарияланды

9 сентября, 2026
Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

Президенттер ықпал етті ме? Көшпенділер ойынындағы дау Қазақстанның пайдасына шешілді

7 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

4 сентября, 2026
Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

Құрылтай келісті деген үкімет тағы да қайта тағайындалуымен ерекшеленді

3 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.