• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Трампқа хат. Тоқаев баж салығына жауап берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.07.2025
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың Қазақстаннан АҚШ-қа импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп Азаттық радиосы хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті. Қазақстан президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Мәліметке қарағанда, президент Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірген.

Осы аптада АҚШ президенті Дональд Трамп әлемнің ондаған еліне, соның ішінде Қазақстанға да хат жолдап, келесі айдан бастап жаңа тариф саясаты күшіне енетінін айтқан. Ол хатта 1 тамыздан бастап АҚШ-қа Қазақстаннан баратын барлық тауарларға 25 пайыз көлемінде тариф енгізілетіні айтылған.

«Бұл — бөлек секторлық тарифтерден тыс жағдай. Егер қандай да бір тауарлар басқа ел арқылы жеткізіліп, бұл тарифтен айналып өтуге тырысса, оларға да жоғары тариф салынады», – деп жазған АҚШ президенті.

Хатта Трамп Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен жұмыс істеуді жалғастыруға ниетті деп жазған. Бұл тізімге Орталық Азиядан жалғыз Қазақстан енген.

Келесі
Бауыржан Байбектің аты аталды. Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды

Бауыржан Байбектің аты аталды. Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот процесі басталды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.