• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректер жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.04.2024
Мчс верталет

Фото: ТЖМ

Share on FacebookShare on Twitter

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалуда.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Гусаковка ауылының маңындағы Бабық-Бұрлық өзенінде, Қостанай облысы Қарасу ауданы Карамырза ауылының маңындағы Тімтуір өзенінде жарылыс жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

ТЖМ мәліметінше, аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде  мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккен өңірлерге 126 535 кг гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жеке тұрғын үй, 421 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 7,7 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері шамамен 76 мыңға жуық адам, оның ішінде 18 мыңнан астам бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерімен 2 811  адам, оның ішінде 865  бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 203 адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 мыңнан астам ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. «Жедел желі» телефонына 1052 қоңырау түсті, психологтар зарджар шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 146 автожол, су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір және 101 жол төсемі бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 65 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, — делінген хабарламада.

Атырау облысында Жем өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданының Жадырасын, Аэропорт, Вахтовый, №2,3,5 шағын аудандары, Кұлсары қаласы нда алдын ала мәліметке сәйкес 2810 жеке тұрғын үй мен 5 әлеуметтік нысанды су басты. 28 551 адам, оның ішінде 6 7191 бала эвакуациялау пункттеріне эвакуацияланды, электр жарығы өшірілді.

Еріген қар суы ағынының ұлғаюына және Есіл өзенінің арнасынан шығуына байланысты Ақмола облысы Жарқайың ауданы Пригородное ауылының Державинск, Есіл қалаларында 34 жеке тұрғын үй су астында қалды. 103 адам эвакуацияланды, оның ішінде 17 бала туыстарына орналастырылды. Қалған тұрғындар туыстары бойынша өздері эвакуацияланды. Тартылған күштер мен құралдармен жол төсемін ашу бойынша жұмыстар жүргізілді, Есіл өзеніне су бұру жалғасуда, үйіндіні нығайту, қапшықтарды төсеу және еріген суды айдау жұмыстары жүргізілуде. ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское ауылында, Шал ақын ауданы Коноваловка және Қаратал ауылдарында, Есіл ауданының Бірлік ауылында су басу қауіп туындап, 10 жеке тұрғын үйді су басты. Алдын ала 70 адам эвакуацияланды, оның ішінде 31 бала туыстары мен эвакуациялау пункттеріне орналастырылды. Қауіпсіз жерге 40 ауыл шаруашылығы жануары айдалды. ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.

Қарғалы су қоймасында еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының Ақжар және Садовая тұрғын алаптары ауданында бау-бақша ұжымдарын су басу қаупі туындады. 143 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды, — делінген хабарламада.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 16 375 адам, 1 651 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезінде мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

— құлақтандыру дабылын алған кезде көршілеріңізге ескертіңіздер, мүгедек адамдар мен балаларға көмек көрсетіңіздер, нұсқаулықты қатаң орындаңыздар;

— киім-кешек, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмекті алдын ала дайындаңыздар, құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыздар;

— электроэнергия көздерін тоқтан ажыратыңыздар, газды өшіріңіздер, пеште жанып жатқан отты сөндіріңіздер, есік пен терезелерді жабыңыздар.

Келесі
Су тасу

Қазақстанның Ресейді дронмен атқылауы. Бишімбаевтың "көз жасы". Апта қортындысы

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.