• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент мемлекеттік құрылыстың өзгермейтінін айта қалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
28.05.2025
Президент мемлекеттік құрылыстың өзгермейтінін айта қалды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия бундесратының президенті, Саар федералды жерінің премьер-министрі Анке Релингермен кездесу өткізді. Осы кездесуде Қазақстан басшысы елдің мемлекеттік құрылыс өзгермейтінін еске салды.

Президент Германияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі стратегиялық серіктесі ретінде атап, Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестордың бірі саналатынын айтты. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық саясатының басым бағыттары жайында әңгімелеп берді. 

– Қазір ірі инфрақұрылымдық жобаларды, цифрландыру және жасанды интеллектті дамытуға күш салу керек деп ойлаймыз. Сонымен қатар көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын да өркендету қажет, — деген Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент Қазақстанда соңғы жылдары ауқымды саяси реформалар жүргізіліп жатқанын айтты.

– Заңнамаға, ең әуелі, Конституцияға жасалған өзгерістер Қазақстанның жаңғыру жолына түбегейлі түскенін көрсетеді. Әрине, реформалар жалғасып жатыр. Құқық қорғау және сот жүйесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Бұл – өте маңызды. Бірақ мемлекеттің құрылымы, мен бұл жерде президенттік басқару жүйесі туралы айтып отырмын, бұрынғы қалпында сақталады. Өйткені қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттің сипаты осындай болуға тиіс. Бұл біздің түсінігімізге сай келеді, — деді президент Тоқаев. 

Германия бундесратының президенті Релингер Қазақстанды Германияның Орталықь Азия аймағындағы негізгі серіктесі ретінде атады.

Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Келесі
Қазақстанның «қарапайым зейнеткерін» Путин қабылдады

Назарбаев тағы да Мәскеуге жетіп барды. Ресми өкіл "жеке сапар" жайлы айтты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.