• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекет басшысының кешегі сөзін бүгін мемкеңесші тұжырып берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.03.2025
Министр Қарабаев ақылы жол тарифі 20 пайызға өсетінін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет кеңесші Ерлан Қарин кеше өткен Ұлттық құрылтайдың ерекшеліктері мен Президент көтерген бастамаларды атады. Бұл туралы Kazinform хабарлады.

Мемлекеттік кеңесші биылғы Ұлттық құрылтайда президент көтерген мағызды мәселелер ретінде мынаны атады:

— Идеологиялық және гуманитарлық жобалар;

— Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу;

— Үкіметтік емес ұйымдар саласындағы заңнаманы жетілдіру;

— Шетелде Абай институттарын ашу;

— Биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру;

— Ұлттық цифрлық архив құру;

— «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын іске қосу;

— Әр облыс орталығында ерекше балаларға арналған оңалту және даму орталықтарын ашу;

— Әр облыстық, аудандық орталықтарда, ауылдар мен кенттерде балаларға арналған футбол алаңдарын салу.

Мемкеңесші Ерлан Қарин президент көтерген экономикалық және инфрақұрылымдық бастамалар ретінде мына жайларды атап өтеді.  

— Тәуелсіздіктің 40 жылдығына дейінгі ел дамуының бес басым бағытын айқындау: цифрландыру және жасанды интеллект, көлік және транзит, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, адами капитал;

— 2025 жылы нақты секторды қаржыландыру көлемін екі есе арттырып, 8 трлн теңгеге, ал келесі жылдары 10 трлн теңгеге дейін жеткізу;

— 2025-2026 жылдары ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру;

— Алдағы төрт жыл ішінде жыл сайын 200-ге жуық инвестициялық жобаны іске қосу;

— Шекара маңы аумақтарын дамыту туралы жаңа заң әзірлеу;

— Астанадан Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне тікелей шығатын автожол салу;

— Ядролық энергетика агенттігін құру.

14 наурызда  Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі құрылтайды биыл астана болғанына 100 жыл толған Қызылордада өткізуді ұсынған.

Келесі
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.