• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресей арандатуының ақыры. Қазақ депутаты Украинаны жауапқа тарту керегін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21 февраля, 2025
Ресей арандатуының ақыры. Қазақ депутаты Украинаны жауапқа тарту керегін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Каспий құбыр консорциумына (КҚК) дронмен шабуыл жасағаны үшін Украинаны жауапкершілікке шақыру қажет. Бұл жөнінде мәжіліс депутаты Никита Шаталов мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Дүйсенбіде КҚК шабуылға ұшырады және украин жағы бұл үшін жауапкершілікті мойнына алды. Шабуылдаушы тарап «Ресейдің қарулы агрессиясын қолдайтын стратегиялық нысандарға соққы жасау» құқығын бар екенін айтты. Бұл ұстанымға экономикалық және дипломатиялық тұрғыда қайшылық өте көп, мұны не үшін жасады деген сұрақ бар. Украина жағы бұл құбыр бойынша айдалатын мұнайдың 90 пайызы Қазақстандікі екенін, Теңіз кенішінен өндірілетінін, одан шикізатты Еуроодаққа тасымалдайтын Батыстың түрлі компаниялары пайда көріп отырғанын білмеуі мүмкін емес» деп жазды Шаталов өз телеграм-арнасында.

Депутаттың айтуынша, құбыр арқылы мұнай жіберетін халықаралық компаниялар «тасымал тұрақты болуына мүдделі». «Ал біз шабуыл мақсаты нақты біздің экономикалық мүддемізге зиян келтіру деп айта аламыз» деді Никита Шаталов.

Мәжіліс депутаты Қазақстан әу бастан Ресей мен Украина арасындағы кикілжіңге қатысты бейтарап саясат ұстанғанын, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен байланыста болғанын, екі ел арасында дипломатиялық байланыс бар екенін ескертті. Бұған қоса ол Тоқаевтың Украина шығысындағы Ресей басып алған аймақтарды «дербес субъект ретінде мойындамағанын» да атап өтті.

«Халықаралық консорциум инфрақұрылымына шабуыл жасау жөнінде шешім қабылдағандар біздің мүддемізге қарсы қылмысы үшін жауап беруі тиіс. Қазақстан келтірген шығындары мен біздің мүддемемізге шабуылы үшін Украина жағын жауапкершілікке шақыруы керек» деді Шаталов.

17 ақпанда Ресейдің Кубань облысындағы Каспий құбыр консорциумының мұнай айдайтын «Кропоткинская» станциясына дрон шабуылдады. КҚК шабуылды «террористік» деп атады, консорциумның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, станцияға ішінде жарылғыш зат пен металл зақымдайтын элементтері бар жеті дрон шабуыл жасаған.

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) акционерлерінің бірі ресейлік «Транснефть» мемлекеттік компаниясы «Кропоткинская» станциясына қатты зақым келді, оны жөндеуге 1,5-2 ай кетуі мүмкін деп хабарлады. Компанияның болжамынша, бұл уақытта Қазақстан мұнайын айдау 30 пайыз азаюы мүмкін.

19 ақпанда Украина шабуылды әдейі ұйымдастырғанын мойындады. «Кропоткинская» және «Андриаполь» мұнай айдау станциялары да нысанаға алынды, олар оккупациялық күштерге отын тасымалдауда шешуші рөл атқарды. Соққыдан кейін олар істен шықты. Бұл агрессорды отынмен қамтамасыз етуді едәуір қиындатты» деп хабарлады Украина Қарулы күштерінің бас штабы.

Ресей вице-премьері Александр Новак құбырды жөндеуге тасымалы шектелген Батыс компаниясының құралдары керек» деді.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров «бұл – Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды мәселе және оны украиналық серіктестерімізбен дипломатиялық арналар арқылы талқылаймыз» деді. Ал Ресей сыртқы істер министі Сергей Лавров мұны «Қазақстан энергетика инфрақұрылымына тікелей шабуыл» деп бағалады.

Келесі
Жазушы Дулат Исабеков дүниеден озды

Жазушы Дулат Исабеков дүниеден озды

Соңғы жазбалар

Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

9 февраля, 2026
Британдық компания  қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

Британдық компания қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

6 февраля, 2026
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды

Конституциядағы тіл дауы айтылғанымен, талқыланбады

6 февраля, 2026
Конституция дауы. Билік белсендіге полицейді жұмсады

Конституция дауы. Билік белсендіге полицейді жұмсады

4 февраля, 2026
Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

Бір ауданның жерінде – екі АЭС. Шешім ресми түрде бекіді

3 февраля, 2026
Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

Конституция жобасы жарияланғанда. Азаматтық қоғам асықпауға шақырды

31 января, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.