• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Хан Кененің өлімі үшін кешірім сұраған әншінің үстінен іс қозғалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.02.2025
Хан Кененің өлімі үшін кешірім сұраған әншінің үстінен іс қозғалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) елдің еңбек сіңірген әртісі, әнші Қайрат Пірімбердиевтің үстінен Қылмыстық кодекстің «Нәсілдік, этникалық, діни және ұлтаралық араздық қоздыру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оған елден шығуға тыйым салынды деп хабарлады.

Азаттық радиосының Қырғызстан арнайы қызметіне сілтеп хабарлауынша, әншінің үстінен іс қозғауға оның Қазақстандағы AIRAN YouTube-арнасына берген сұхбаты себеп болған. ҰҚМК Пірімбердиев сұхбатта «араздық қоздыратын мәлімдемелер жасаған» деді. Комитеттің хабарлауынша, қазір тергеу жүріп жатыр.

9 қаңтарда AIRAN YouTube-арнасында «Қырғыздардың қазақтардан қандай айырмашылығы бар? Қырғызстандағы демократияға кім кедергі болды?» деген тақырыпта бір сағаттан асатын видео шыққан.

Арнаға қырғыз мәдениетінің бірнеше өкілі, сондай-ақ Семетей Аманбеков, Азат Рузиев, Элери Битикчи, Элдияр Кененсаров, Искендер Шаршеев, Қайрат Пірімбердиев сияқты түрлі саладағы сарапшылар сұхбат беріп, екі халық арасындағы қарым-қатынас және Қырғызстандағы кейбір әлеуметтік, саяси және экономикалық құбылыс туралы пікір білдірген.

Видеода 19-ғасырда өмір сүрген қазақ ханы Кенесары Қасымұлы туралы да сөз болған. Қазақстандық журналистер екі ел арасындағы дау жалғасып жатқанын айтып, «Орман хан соншалық қатыгездік танытпай, тату көрші екенін көрсетсе болар ма еді?» деген сұрақ қояды.

Қайрат Пірімбердиев Орман хан Кенесары ханды өлтіруге мәжбүр болды деп жауап берген. «Бұл үшін өз атымнан қазақ халқынан кешірім сұрағым келеді», – деген ол. Бұл қоғамда қызу пікірталас тудырды. Кейін әнші AIRAN арнасына бір сағатқа жуық сұхбат бергенін, осы тарихи оқиға туралы егжей-тегжейлі айтқанын, бірақ жауабы шығарылымға толық енбей қалғанын мәлімдеген.

Қайрат Пірімбердиев шығармашылықтан басқа, Қырғызстандағы қоғамдық істерге белсенді қатысады, елде болып жатқан оқиғалар туралы ашық пікір білдіреді.

Кенесары Қасымұлы – 1837-1847 жылдары Ресей отаршылдығына қарсы күрескен қазақтың соңғы ханы.

Қырғыз тарихшылары ол қырғыздарға шабуыл жасап, 1845 жылдан бастап қарапайым жұртқа тізе батырып, зорлық-зомбылық жасаған деп жазған. 1847 жылы Орман ханның басшылығымен қырғыздар Кенесары ханның әскерін талқандап, өзін тұтқынға алған, біраз уақыттан кейін оны өлтірген деген мәлімет айтылады.

Кенесары ханның сүйегі қайда екені туралы нақты ақпарат жоқ. Кейбір мәліметтерде оның бас сүйегі Санкт-Петербургтегі Эрмитаж немесе Кунсткамера музейінде болуы мүмкін деген болжам айтылған. Ресей жағы ол ақпаратты растаған жоқ.

Келесі
Депутат Смирнова «шетел агентін» іздейді. Жаңа заңға ұсыныс

Депутат Смирнова "шетел агентін" іздейді. Жаңа заңға ұсыныс

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.