• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Мәдениет

Жекенің қолындағы 500-ден астам жәдігер музейге қайтарылған

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
12.06.2024
Жекенің қолындағы 500-ден астам жәдігер музейге қайтарылған
Share on FacebookShare on Twitter

Сот шешімімен тәркіленген жеке адамдарға тиесілі 500-ден астам жәдігер музей қорына өткізілді. Бұл жайында Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті.

«Жалпы шетел асқан мәдени құндылықтарды елге қайтару — мәдениет саласының басым бағыттарының бірі. Еліміздің қазақ халқына тиесілі мәдени құндылықтарды тарихи отанына қайтару мәселесінде өзіндік тәжірибесі бар. Соңғы жылдары елімізге бірқатар тарихи құнды заттар қайтарылды. Атап айтқанда, Ресей Ғылым академиясының I Петр атындағы Антропология және этнография музейінен (Кунсткамера) Кейкі батырдың бас сүйегі тарихи отаны Қостанай облысына жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенттік мәдени орталығының қорынан түрлі жылдары зерттеу және ғылыми жұмыстарын жүргізу үшін АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Карнеги жаратылыс тарихи музейіне (Питсбург қаласы, Окленд қалашығы) уақытша пайдалануға берілген 528 дана жәдігер (үй жануарлары сүйектерінің фрагменттері) 2020 жылы елордамыздағы Ұлттық музей қорына қайтарылды», — деп атап өткен министрлік.

Ведомство мәліметінше, соңғы 3 жыл ішінде министрлікке қарасты республикалық музейлер мен құқық қорғау органдары бірлесіп, сот шешімімен тәркіленген жеке адамдарға тиесілі 500-ден астам музейлік маңызы бар заттарды музей қорына қабылдады. 

«Атап айтқанда, Орталық мемлекеттік музей қоры түрлі тарихи кезеңдердің тарих, мәдениет және өнер саласынан хабар беретін 360 құндылықпен, Ұлттық музейдің қоры 176 дана экспонатпен (мамонттардың мүйізі) толықты. Осыған орай, аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, музей жанынан қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысы бар құндылықтарды іздестіру, анықтау және қайтару мәселелері бойынша жұмыс тобы тұрақты жұмыс жасап келеді. Оның құрамына тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Таймағамбетов, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Самашев, тарих ғылымдарының кандидаты, қару-жарақ ісі бойынша зерттеуші Қ.Ахметжан сынды ғалымдар мен шығармашылық интеллигенция өкілдері кіреді», — деді министрліктен.

Келесі
Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады

Ақыры Армения ҰҚШҰ-дан шығатынын жариялады

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.