• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді мақұлдады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.01.2024
Мәжіліс тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтуді мақұлдады
Share on FacebookShare on Twitter

2024 жылғы 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасады.

«Заң жобасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасқа толмағандарды жыныстық қудалауға, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауға және басқаларға бағытталған әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған», — деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар мыналарға бағытталған бірқатар түзетулер енгізді:

  • отбасын қолдау орталықтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға қолдау көрсету, оларға уақытша тұру мүмкіндігін беру бөлігінде құзыреттерін нақтылау;
  • жеңіл зиян келтіргені үшін және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстау тәртібін реттеу;
  • қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынатын балалардың (16 жасқа дейінгі тұлғалардың) жасын анықтау;
  • 16 жасқа толмаған адамдарды жыныстық қудалау үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту;
  • татуласуына байланысты сотталған немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға сот белгілеген арнайы талаптарды қолдану шараларын түсіндіру.

«Үкіметтің ұсынысымен облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің қызметін реттеуге қатысты түзетулер енгізілді.Сонымен қатар, депутаттар нормаларды құқықтық техникаға сәйкестендіруге бағытталған редакциялық түзетулер мен толықтырулар енгізді, бұл заң жобасының мазмұнын сапалық жағынан жақсартты», — деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

Айтпақшы, депутат Елнұр Бейсембаевтың педофилдерді хирургиялық кастрациялау туралы резонансты ұсынысы палатадан қолдау таппады.

Tags: LifestyleSport
Келесі

Ринат Зайытов адам ұрлаушымен құшақ қағыстырып жүр...

Соңғы жазбалар

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

Қазақ мұнайын экспорттаудың балама жолдары іздестіріліп жатыр. Ресми өкіл не деді?

10 августа, 2026
Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

Еленбеген экология. Қазақстан айыппұлдан кейін тағы да «Теңізшевройлға» талап қойды

7 августа, 2026
Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

Сатыбалды әулетінің меншігінде болған базар ақыры сатылды. Жаңа иесі аталмады

7 августа, 2026
КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

КҚК-дегі танкер тапшылығы және дроннан қауіп. Қазақ мұнайын жөнелту тағы да іркілді

6 августа, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Екі жарым жылға қамау, үш жарым жылдық тыйым. Белсенді тағы да сотталды

6 августа, 2026
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

«Батарейка мен оттық жұтқан». Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі ахуалы алаңдатады

5 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.