• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Біріншісін қойып, екінші АЭС жайында айтыла бастады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
18 июня, 2025
Франция Қазақстанда АЭС салуға көмекке дайын

АЭС Франция

Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда екінші АЭС-тің құрылысына қатысты шешім осы күзде қабылдануы мүмкін. Азаттықтың хабарлауынша, бұл туралы «Орталық Азия – Қытай» форумының кулуарында премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр айтты.

«Шешім күзде қабылданады деп ойлаймын. Көп созбаймыз. Күзге таман қандай да бір цифрлар, деректер болады. Одан да бұрын беруіміз мүмкін,»- деді Скляр.

Премьердің орынбасары екінші АЭС салынатын жер де күзде нақтыланатынын айтады. Бірақ құрылыстың құны мен АЭС-тің салынып біту уақыты кейін белгілі болмақ.

Қазақстанда бірінші АЭС құрылысын салатын консорциумды Ресейдің «Росатом» компаниясы, екінші АЭС салу бойынша консорциумды Қытайдың China National Nuclear Corporation (CNNC) компанияына басқарады деп хабарланған.

Қазақстанда АЭС салуға «Росатом» мен CNNC компаниясынан бөлек «Électricité de France» (Франция) және «Korea Hydro & Nuclear Power» (Оңтүстік Корея) қызығушылық танытқан. Ал Астананың таңдауы елге экономикалық ықпалы көп Ресей мен Қытайға түсті.

Елде бұған дейін азаматтық қоғам мен саясаттанушылар АЭС-ті Ресей салатын болса, Қазақстан оған энергия және саяси тәуелді болып қалады деп алаңдаушылық білдірген. Мәселен, энергетика сарапшысы Әсет Наурызбаев «АЭС Қазақстанды Ресейге байлап қояды», «ол қысым құралы болуы мүмкін» деген қауіп айтқан.

Кей сарапшылар Украинаға басқыншылығына байланысты санкцияларға ілініп, оқшауланған Ресейдің ядролық энергия саласын қолдау жүгі әдеттегідей Кремльмен тығыз байланысты Орталық Азия елдерінің иығына түсіп отыр деп санайды. Ресей Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Қырғызстанға да атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр.

Келесі
Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. «Қазақ-махалла» аман

Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. "Қазақ-махалла" аман

Соңғы жазбалар

Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді

Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді

11 февраля, 2026
Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

11 февраля, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Жаңа Конституция жобасы. Орыс тілін мемлекеттік тілмен «қатар» қолдану ұсынылды

10 февраля, 2026
Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

9 февраля, 2026
Британдық компания  қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

Британдық компания қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

6 февраля, 2026
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды

Конституциядағы тіл дауы айтылғанымен, талқыланбады

6 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.