• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.08.2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сейсенбі, 12 тамыз күні Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасынан апатқа ұшыраған тікұшақтың үшінші экипаж мүшесі Аман Амангелдінің мәйіті табылды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.

«12 тамыз күні экипаж командирінің көмекшісі капитан Аман Нұрланұлы Амангелдінің денесі табылды. Тәжірибелі ұшқыш, күрделі метеорологиялық жағдайларда бірнеше мәрте ұшып жаттыққан. Түрлі ауқымдағы жаттығулар мен операцияларға қатысқан. Жоғары орындаушылық тәртібімен және мінсіз қызметтік беделімен ерекшеленген. EC-145 тікұшағындағы ұшу уақыты – 295 сағат» делінген министрліктің Telegram-арнасындағы парақшасында.

Экипаж мүшелері туыстарының бірінің айтуынша, әскери тікұшақ 25 шілде күні таңертеңгі 7 кезінде Шымкенттен ұшып шыққан. Екі сағаттан соң Луговойға қонып, жанармай құйып алған соң қайта ұшып кеткен. Содан кейін экипаж байланысқа шықпаған.

9 тамыз, сенбі күні Сорбұлақта 14 метрге жуық тереңдіктен тікұшақ бөлшектері мен бір адамның сүйегі табылды. Ол адам – әскери тікұшақ экипажының командирі, 33 жастағы майор Нұржігіт Үйсінбаев екені анықталды. Келесі күні Бақтияр Ержігітовтің денесі де су қоймасынан табылды.

10 тамызда Нұржігіт Үйсінбаев Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Сұлтанрабат ауылындағы зиратқа жерленді.

Келесі
Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Қазақ еліне +186 кандидат. Жаңа партия 145 орындық парламентке ұсынған үміткерлерімен үркітті

10 июля, 2026
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. «Байтақ» партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

9 июля, 2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

8 июля, 2026
Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

Өз құқығы. Президент Тоқаевтың тағы да сайлауға түсе алатыны жарияланды

7 июля, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

6 июля, 2026
Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

3 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.