• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Қаза кезінде Шерзат Полаттың әкесін ұстап әкетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.12.2024
Қаза кезінде Шерзат Полаттың әкесін ұстап әкетті
Share on FacebookShare on Twitter

Талғарда жанжал кезінде пышаққа түсіп мерт болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты полиция ұстады. 10 желтоқсанда Алматы облысы Азат ауылында Нұрымовтар отбасы туысы Нұрғанат Ғайыпбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Алдымен ұлынан, енді інісінен айырылған Қаржаубай Нұрымов көпшілік алдында журналистермен кездесуді талап еткен.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 10 желтоқсанда Алматы облысының полициясы «Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналадағы адамдарға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндірген оқиға болды» деп хабарлады.

«Н. есімді азамат прокурордың заңды сақтау туралы түсіндірмесін елемей, өзін агрессивті ұстады, айналасындағы адамдарға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағы жандарға да қауіп төндірді. Оның жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша полиция Н. есімді азаматты ұстады», – деді полиция.

Желіге тараған видеода Қаржаубай Нұрымовтың әділ тергеу жүргізуді талап етіп тұрған видеосы тарады. Тағы бір видеода Нұрымовты «ағам» деп атаған әйел оның «өзіне өзі қол салмақшы» болғанын айтады.

Ресми ақпаратта Қаржаубай Нұрымов полиция бөліміне жеткізіліп, онымен психологтар жұмыс істеп жатқаны айтылған. Бұдан екі ай бұрын Нұрымовтың жасөспірім ұлы кісі қолынан мерт болған, ал кеше ол інісінен айырылды.

9 желтоқсанда таңертең Алматы облысының полициясы Талғар қаласы маңынан өлі табылған 30 жастағы ер адам – биыл күзде Талғардағы жанжал кезінде қаза тапқан Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды деп хабарлады.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылып, өзіне қол жұмсаған» деген полиция. Марқұм Шерзаттың отбасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың «өзіне өзі қол салғанына» сенбейді.

Келесі
Бауырын жерлеген Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бауырын жерлеген Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.