• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Алматыда бейбіт жиын орындары өзгерді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
29.08.2024
Алматыда бейбіт жиын орындары өзгерді
Share on FacebookShare on Twitter

28 тамызда Алматы мәслихатының депутаттары қалада бейбіт жиын мен шеру өткізетін орындарды өзгертуді дауысқа салып, жаңа ұсынысқа келісті. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Бұған дейін әкімдік қаладағы Махатма Ганди атындағы саябақта, Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта және «Сарыарқа» кинотеатры артындағы алаңда бейбіт жиын өткізуге рұқсат берсе, Шевченко көшесінде Уәлиханов атындағы алаңнан Ганди саябағына дейін шерулетуге болатын.

Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбековтің сөзінше, Уәлиханов саябағында бейбіт жиын өтетін кезде Достық даңғылынан Қонаев көшесіне дейінгі (саябақ осы екі көшенің ортасында орналасқан) жол жабылып, салдарынан кептеліс көбейіп, қоғамдық көлік кестесі бұзылып, жолаушылар мен көлік жүргізушілеріне қолайсыз болады.

Есенбековтің айтуынша, сол маңайдағы қала тұрғындары бұл саябақта митинг өткізбеуді сұрап, өтініш жіберген. Ол Алматы қаласының полиция департаменті де «қаладағы қауіпсіздікке байланысты» бейбіт жиын өткізетін орындарға өзгеріс енгізуді ұсынды деді.

Қоғамдық даму басқармасы Уәлиханов атындағы саябақты (1000 адамға арналған) Абылай хан даңғылындағы Амангелді Иманов атындағы саябаққа (500 адамға арналған) ауыстыруды ұсынды. Есенбеков «мұнда көшелерді жабудың қажеті жоқ, жақын маңайда үйлер жоқ» деді.

Осы ұсынысқа байланысты басқарма «Сары-Арқа» кинотеатры артындағы алаңда бейбіт жиынға қатысатын адам санын 500-ден 1000-ға дейін лайықтауды ұсынды.

Басқарма шеру өткізетін бағытты Жамбыл көшесіндегі Гагарин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін өзгертуді ұсынды. Есенбеков ескі бағыттағы Шевченко көшесі қаладағы үлкен көшелерді қиып өтеді, салдарынан көлік қозғалысына кедергі келтіреді деді.

Мәслихат депутаттары қоғамдық даму басқармасының ұсыныстарын қолдады. Қарсы болғандар мен қалыс қалғандар болмады.

Келесі
Халықтың ақыл-ойын тексеретіндей Сәтқалиев кім еді?

Халықтың ақыл-ойын тексеретіндей Сәтқалиев кім еді?

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.