• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Дина Таңсәрі өзін Қазақстанға бермеген Черногория сотына алғыс айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.09.2025
Шеттің соты Дина Таңсәріні Қазақстанға беруден бас тартты
Share on FacebookShare on Twitter

Черногория жоғарғы соты қазақстандық белсенді, «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі атымен танылған Динара Смайылованы Қазақстанға экстрадициялаудан түпкілікті түрде бас тартты. Бұл жөнінде Динара Смайылова Facebook парақшасында хабарлады.

“4 қыркүйекте Черногория Жоғарғы соты Қазақстанның Бас прокуратурасының экстрадициялау туралы өтінішін кері қайтарған. Бүгін, 12 қыркүйекте шешім Черногория Жоғарғы сотында апелляциялық инстанцияда қаралған соң күшіне енді. Черногория Жоғарғы соты мен Жоғарғы сотының судьяларына алғыс айтамын!”- деп жазды белсенді.

Ол өзіне көмектескен халықаралық және жергілікті белсенділерге, құқық қорғаушыларға алғыс айтқан.

Биыл шілде соңында Динара Смайылова және оның жолдасы Алмат Мұхамеджановқа Черногорияда саяси баспана берілгені белгілі болған.

Биыл 14 сәуірде Астананың сұрауы бойынша Смайылова Черногорияда ұсталып, ізінше босатылған. Қазақстанда оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалып, оған іздеу жарияланған.

Қазақстан Бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Динара Смайылованың үстінен «көрінеу жалған ақпарат тарату, жеке өмірге қол сұқпау ережесін бұзу, алаяқтық» баптары бойынша 6 қылмыстық іс қозғалған. Оған «НеМолчиKZ» қоры арқылы заңсыз ақша жинап, бұл қаржыны жеке мақсатына жұмсады деген айып тағылған.

Смайылова бұл айыптарға келіспейді. Мамыр айында Азаттыққа берген сұхбатында ол бұл істер ойдан құрастырылған деген.

«НеМолчиKZ» — тұрмыстық және сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесумен айналысатын үкіметтік емес ұйым. Ерлі-зайыптылар Черногориядан саяси баспана беру туралы өтінішті екі жыл бұрын берген.

Дина Таңсәрі деген атпен көбірек танылған Динара Смайылова Қазақстаннан 2021 жылы кеткен. Ол екі жылдай Грузияда тұрған, алайда қысқа уақытқа сыртқа шыққан оны сол елдің шекара қызметі қайта кіргізуден бас тартқан. Оның айтуынша, Грузияның мұндай шешім қабылдауына Қазақстан билігі ықпал еткен, себебі «НеМолчиKZ» қоры елдегі зорлық-зомбылықтың ауқымын көрсетіп, полицияның қауқарсыздығын әшкерелейді. Ол 2023 жылдан бері Черногорияда тұрады.

Келесі
Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Геноцид. БҰҰ комиссиясы Израильдің Газадағы әрекетіне баға берді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.