• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

АЭС-ке қарсы шыққан бес белсендіге 10 айдан кейін үкім шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27 августа, 2025
АЭС-ке қарсы шыққан бес белсендіге 10 айдан кейін үкім шықты
Share on FacebookShare on Twitter

26 тамыз күні Алматы қаласы Алмалы аудандық соты АЭС референдумы қарсаңында ұсталған бес белсендіге үкім шығарды.

Азаттықтың хабарлауынша, судья Ернар Қасымбеков белсенділер Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраковтың бас бостандығынан төрт жылға шектеп, оларға бес жыл мерзімге қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды. Қамауда өткен әрбір күн шартты жазаның екі күні болып есептеледі.

21 тамыз күні прокурор сотталушыларды «Жаппай тәртіпсіздік» (272-бап, 1-бөлік) және «Қылмысқа оқталу» (24-бап, 3-бөлік) баптары бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға соттауды сұраған.

Мемлекеттік айыптаушылардың пікірінше, белсенділер жаппай тәртіпсіздікті жоспарлаған, психологиялық-филологиялық сараптама олардың «митингіге үндегенін, билікпен күресуге шақырғанын» анықтаған.

Алайда белсенділер өздеріне тағылған айыптармен келіспеді. Олар өздерінің ұсталуын АЭС құрылысына қатысты айтқан пікірлерімен және референдум қарсаңындағы қудалаулармен байланыстырған.

2024 жылы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп, оның ресми нәтижесі бойынша халықтың 71 пайызынан астамы АЭС құрылысын қолдайтыны айтылды. Тәуелсіздік бақылаушылар референдум кезінде бюллетеньді топтап салу, тәуелсіз бақылаушыларды залдан шығару сияқты түрлі заңсыздықтарды тіркеген.

Келесі
Қаржылық былық туралы мәліметтен соң Назарбаев университеті жауап берді

Жатақханадағы суицидтер. Министрлік БАҚ-қа мін тақты

Соңғы жазбалар

Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді

Емделуге кеткен Тәшиев қызметінен айрылды. Өзі «күтпеген оқиға» дейді

11 февраля, 2026
Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

Тоқаев үкіметті көзбояушылықтан арылып, нақты нәтижеге жетуге шақырды

11 февраля, 2026
Президент доғарысқа кеткенде міндеті кімге жүктеледі? Ұсыныс

Жаңа Конституция жобасы. Орыс тілін мемлекеттік тілмен «қатар» қолдану ұсынылды

10 февраля, 2026
Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

9 февраля, 2026
Британдық компания  қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

Британдық компания қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

6 февраля, 2026
Қазақтілді мектепті талап еткен белсенді 15 тәулікке қамалды

Конституциядағы тіл дауы айтылғанымен, талқыланбады

6 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.