• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Әйелін «азаптады» деп айыпталған. Дипломаттың соты басталды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.06.2025
Әйелін «азаптады» деп айыпталған. Дипломаттың соты басталды
Share on FacebookShare on Twitter

10 маусымда Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық тергеу сотында Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамаштың ісі бойынша сот отырысы басталды. Дипломатты бұрынғы әйелі Карина Ғұсман «Мамаш отбасында әңгіртаяқ ойнатып, мені ұрып-соқты» деп айыптап отыр, деп хабарлады Азаттық Азия.

Сейсенбі күні өткен сот отырысында судья Артур Абдыханов жәбірленуші тараптың сот процесін жабық өткізу туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды.

«Біздің өміріміздегі жеке басқа қатысты жайттарды жария еткім келмейді. Екі балам бар және олардың психологиялық саулығына алаңдаймын», — деді сотта Карина Ғұсман.

Судья жеке өмір құпиясын қорғау қажеттігіне сілтеп, БАҚ өкілдерінің сот залынан шығуын сұрады. Алайда сот үкімі жарияланған кезде журналистердің қатысуға құқығы бары айтылды.

Айыпталушы Сәкен Мамаш өзіне бұған дейін белгіленген бұлтартпау шарасын өзгерту жайлы өтініш жасады. Ол қашу ниеті жоғын және жәбірленушіге ешқандай қауіп төндірмейтінін мәлімдеді. Карина Ғұсманның адвокаттары болса, айыпталушы бұған дейін жәбірленушінің қыр соңына түсіп, қорқытқанын алғанын айтты.

Сот бұрынғы дипломаттың бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін орындаудан бас тартты.

Былтыр мамыр айында Карина Ғұсман әлеуметтік желіде он жыл бойы күйеуінен қорлық пен зорлық көріп келгенін мәлімдеген.

«Менің күйеуім – Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі – кеше мені және маған қонаққа келген туған әпкемді ұрып соқты. Мемлекетімізден көмек талап етемін», — деген еді ол әлеуметтік желіде жариялаған видеода.

Осы мәлімдемеден соң Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты БАӘ-ден елге шақыртып алған.

Биыл сәуір айында Сәкен Мамаш әйеліне жүйелі түрде қол жұмсаған деген айыппен қамауға алынғаны белгілі болды. Полиция экс-дипломаттың үстінен Қылмыстық кодекстің «Азаптау» бабы бойынша іс қозғаған.

Келесі
Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады. Бортында 242 адам болған

Үндістанда ұшақ апатқа ұшырады. Бортында 242 адам болған

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.