• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Қаңтар оқиғасында көзге түскен. «Дикий Арман» және серіктеріне сот үкімі шықты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
27.01.2025
Қаңтар оқиғасында көзге түскен. «Дикий Арман» және серіктеріне сот үкімі шықты
Share on FacebookShare on Twitter

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке қатысты сот үкімі шықты. Сот Арман Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы kazinform агенттігі хабарлады.

Толықтай алғанда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде «адам ұрлау», «билігін асыра пайдалану», «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» қылмысты әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шығып отыр.

Сот үкімі бойынша Арман Жұмагелдиевке түрлі ұйымдарға мүше болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға және бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілерде жазба жариялауға тыйым салынды.

Еске салайық, 2022 жылы Алматыда полицейлер қылмыс әлемінің беделдісі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. 

Кейін ҚР Бас прокуратурасы «Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын айтты.

2023 жылы қыркүйек айында Алматы маңындағы № 72 түзеу мекемесінің тергеу изоляторында мәслихаттың экс-депутаты Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты сот процесі басталған.

Бүгінгі сотта Қайрат Құдайбергеннің де ісі қаралды. Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ал ҰҚК бесінші департаментінің бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов 15 жылға 6 айға бас бостандығынан айырылды және мемлекеттік наградалардан айрылды.

Еске салайық, 2022 жылдың сәуір айында кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатысты деген күдікпен ұсталды.

Алдын ала тергеу бойынша Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен («Дикий Арман» деп аталатын) бірге «Қазақстан» қонақ үйінде адам жинауды ұйымдастырып, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ 10 адамнан «ұяшықтар» бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыштарды таңуға нұсқау бергені анықталды.

Келесі
Президент «арандататын ақпарат» үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Президент "арандататын ақпарат" үшін жауапқа тартуды заң жүзінде бекітуді ұсынды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.