• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бүгін — Украинада қаралы күн. Кешегі шабуылдан қаза тапқандар 38-ге жетті

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.07.2024
Бүгін — Украинада қаралы күн. Кешегі шабуылдан қаза тапқандар 38-ге жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Украинада Ресейдің 8 шілдедегі зымыран соққысынан қаза болғандар 38-ге жетті, деп хабарлады Азаттық радиосы. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский жариялаған. Ол телеграм-арнасында ракета түскен жерлердегі үйіндіні аршып жатқан тұрғындар мен құтқарушылар суретін, қираған ғимараттардың көрінісін жариялады.

Киевте 27 адам қаза болған, оның төртеуі – бала. Біреуінің мәйітін шабуылдан қираған үйдің үйінділерінің астынан тапқан. Кривой Рог қаласында — 10 адам, Днепрде бір адам опат болды.

Шабуылдан 190 адам жараланып, жүзге жуығы ауруханада жатыр.

Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасындағы науқастардың бәрін басқа ауруханаларға ауыстырған, ракета соққысынан оның бір корпусы қирап, бірнешеуі бүлінген. 9 шілде таңертең құтқарушылар үйінділерді аршып, аурухананың жертөлесіне дейін жеткені айтылды. Онда адамдар қалып қалған болуы мүмкін деп болжаған. Алайда құтқарушылар үйінді астынан ешкімді таппаған.

Украина билігі Ресей балалар ауруханасын нысанаға алды деп айыптады, ауруханаға шабуылдан екі адам қаза болған. Ресей мұны жоққа шығарады. 9 шілдеде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ауруханаға Украина әуе қорғанысының зымыраны құлады деп мәлімдеме жасады. Ресей қорғаныс министрлігі де осылай мәлімдеді, бірақ оған ешқандай дәлел келтірмеді. Украинаның қауіпсіздік қызметі ауруханаға Ресейдің қанатты зыиыраны түскенін хабарлады.

Киевке жасалған соққыдан тағы бір медицина орталығы бүлінген, онда тоғыз адам қаза болды. «100-ге жуық нысан бүлінген, оның ішінде балалар ауруханасы, үйлер, балабақшалар, перзентхана, колледж, бизнес-орталық бар», – деді Зеленский алдыңғы мәлімдемесінде.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 9 шілдеде Ресейдің Киевтегі балалар ауруханасына жасаған соққысының салдарын талқылайды. Бұл туралы Reuters агенттігіне дипломатиядағы дереккөздер хабарлаған.

Дүйсенбі, 8 шілдеде Ресей әскері Украинаға әртүрлі 40-қа жуық зымыран атқан; Киев, Днепр, Кривой Рог, Покровск, Славянск және Краматорск қаласына шабуыл жасаған. Бұл — құрбандар саны бойынша 2024 жылғы ең қанды шабуыл болды. 9 шілде соған орай қаралы күн ретінде жарияланды.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш мұны айыптап, Ресейдің балалар ауруханасы мен денсаулық сақтау жүйесіндегі тағы бір нысанға зымыран атқаны «қатты алаңдатты» деді. Бұл туралы оның өкілі Стефан Дужаррич хабарлады.

«Халықаралық гуманитарлық құқық бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандарға соққы жасауға тыйым салады. Мұндай шабуылдарға жол жоқ және оларды дереу тоқтату керек» деді Гутерриштің өкілі.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысын Ұлыбритания, Франция, Эквадор, Словения және АҚШ елдері талап еткен.

Келесі
Мигранттар қайығы аударылды. Қазақстан азаматтарынан  министрлік бейхабар

Мигранттар қайығы аударылды. Қазақстан азаматтарынан министрлік бейхабар

Соңғы жазбалар

Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу күтіп тұр

Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу күтіп тұр

21 сентября, 2026
Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.