• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ресей Каспийден Киевті атты. 30 шақты адам қаза тауып, балалар ауруханасы қирады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.07.2024
Ресей Каспийден Киевті атты. 30 шақты адам қаза тауып, балалар ауруханасы қирады
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей әскері 8 шілде таңертең Украина қалаларын жаппай зымыранмен атқылады. Шабуылдан елде кемі 27 адам қаза тауып, 100 адам зардап шеккен. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Польша премьері Дональд Тускпен бірге баспасөз мәслихатында айтты.

Ел астанасы Киевте кемі — 17 адам, Кривой Рог қаласында кемі 10 адам қаза тапқаны хабарланды.

Зымыран жарқышақтары Киевтің бірнеше ауданына және қала ортасына түсіп, ғимарат қирап, өрт шықты. Зымыран шабуылынан Киевтегі «Охматдет» балалар ауруханасының бір бөлігі бұзылған. Ауруханаға шабуылдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар, олардың нешеуі бала екені белгісіз. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін.

Желіде жарияланған фото, видеолардан балалар ауруханасының қатты қирағаны көрінеді. Науқас балалар мен олардың ата-аналары сыртта отырғаны байқалады.

Киев билігі қаза тапқандардан бөлек, кемі 37 адам жараланғаны хабарлады.

Днепр, Кропивницк және Кривой Рог қаласында, Донецк облысында да жарылыс дыбыстары естілді. Кривой Рог билігі он адам қаза тауып, 30-дан аса адам жараланғанын мәлімдеді.

Бұған қоса, Донецк облысындағы Покровск қаласында үш адам опат болғаны айтылды. Қаза тапқандар саны өсуі мүмкін.

Украина тарабы Ресей ракеталарды Каспий теңізінен жібергенін айтады. Бүкіл Украина аумағында дабыл қағылды. Ел ішінде ракетаға қарсы жүйелер іске қосылған. Украина президенті Владимир Зеленскийдің хабарлауынша, Ресей 40-тан аса ракета атқан.

Ресей қорғаныс министрлігі әскери мекемелері мен авиациялық базаларына шабуыл жасағанын, азаматтық нысандарды ракетамен атқыламағанын айтады. Мәскеу Киевке ракеталар Украинаның ракетаға қарсы құрылғыларынан құлады деп отыр.

Келесі
Министр Қарабаев ақылы жол тарифі 20 пайызға өсетінін айтты

Министр Қарабаев ақылы жол тарифі 20 пайызға өсетінін айтты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.