• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Тәліптерді «одақтас» көрген Путин Украина билігін «заңсыз» деп атады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 июля, 2024
Басты бет Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстандағы билікті уысында ұстап отырған «Талибан» радикалды қозғалысын Ресейдің терроризмге қарсы күрестегі одақтасы деп атады. Бірақ ол тәліптердің Ресейде тееррорлық ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынғанын сөз етпеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

«Талибан» қозғалысы сол елдегі билікті бақылап отырғанын ескеруіміз керек. Сондықтан бұл жағынан келгенде тәліптер сөзсіз біз үшін терроризммен күресте одақтас» деп айтқан Путин Астанадағы ШЫҰ саммитінен кейін журналистерге.

Тәліптер қазір «Ислам мемлекеті» тобымен (Қазақстан мен Ресейде террорлық ұйым деп танылған) қарулы қақтығыс жүргізіп жатыр. ИМ-ның Ауғанстандағы «Уәлаят Хорасан» қанаты Мәскеудегі «Крокус Сити Холлдағы» терактіні (114 адам қаза тапқан) өз мойнына алған еді. Бірақ Ресей билігі бұл терактіден Украина мен Батыстың «ізін» көрген. «Талибан» «Крокус Ситидегі» терактіні тергеуге көмектескен-көмектеспегені белгісіз.

Ресейде «Талибан» террорлық ұйым деп танылған. Ал Қазақстан «Талибанды» мұндай тізімнен шығарып тастаған еді.

Журналистер Путинге Украинадағы соғысқа қатысты да сұрақтар қойды. Ол Украина Мәскеу қойған бірқатар талаптарды орындамай соғысты тоқтату мүмкін емес деп мәлімдеді.

«Қарсы тарапты Ресейге де қолайлы болатын қадамдар жасауға көндіру керекпіз» деді ол. Бұған дейін Путин Киев Ресейдің Украинада аннексиялап алған төрт облысы мен Қырымды мойындап, НАТО-ға кіру талабынан бас тартуы керек деген еді.

Путин Украинаны билігін тағы да «заңсыз» деп атады. Ол Украина Жоғарғы Радасына (Путин бұған дейін Украина парламентін легитимді билік органы деген еді) қайырылудан пайда жоқ дейді.

Ресей басшысы Мәскеу мен Киев арасына ара ағайын болып жатқандардың ісін қолдайтынын айтады, бірақ олардың көмегімен бейбіт келісімге келуге мүмкіндік аз деп санайды. Путин АҚШ президенттігіне республикашылдар атынан түсіп жатқан Дональд Трамптың «Украинадағы қақтығысты тоқтатуды қалаймын» деген сөзін маңызды деп санайтынын айта келе, «бірақ нақты ұсыныс көрмедім» деді.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан осы аптада Киевке келгендее Украина президенті Владимир Зеленскийден Ресеймен келіссөздің алдында қақтығысты тоқтату жолдарын қарастыруды сұраған. Орбан бұл келіссөз процесін жылдамдатуы мүмкін деп санайды.

Зеленский Орбанның осындай ұсыныс жасағанын жоққа шығармады, бірақ Украинаның бейбітшілік формуласы деп аталатын бейбіт жоспарын атап өтті. Бұл жоспарда Украина аумағынан Ресей әскерін түгел шығару қарастырылған. 4 шілдеде Зеленский Bloomberg басылымына берген сұхбатында «нақты жоспар болмаса, қақтығыс тоқтамайды, уақытша үзіліс алады» деген.

Бұған дейін Киев соғысты уақытша тоқтатуды я қазір қақтығыс болып жатқан майдан шебінде тоқтатуды қаламайтынын айтқан. Киев бұл қарсылас тараптың күш жинап, қақтығысты қайта бастауына жол ашады деп санайды.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Айдос Садықовқа Киевтен топырақ бұйырды

Айдос Садықовқа Киевтен топырақ бұйырды

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.