Aramedia.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
No Result
View All Result
Aramedia.kz
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
No Result
View All Result
Aramedia.kz

Айдос Садықовтың қайда, қашан жерленетіні хабарланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
04.07.2024

Киевте 18 маусымдағы қастандықтан 2 шілдеде қаза тапқан оппозициялық белсенді, журналист Айдос Садықов ертең жерленетін болды. Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова Facebook әлеуметтік желісінде хабардар етті.

Осы мәліметке қарағанда, марқұмның денесі 5 шілде, жұма күні Қырым мұсылмандары діни басқармасына қарасты Бірлік мешітінен шығарылмақ. Жаназа намазынан соң Айдос Садықов Киевтің Чайголдар ауданындағы мұсылмандар зиратына жерленбек.

Наталья Садықованың жазуынша, марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімін Айдос араласқан Қырым татарлары атқарады.

«Жауыз Тоқаев режимінің қолынан қаза тапқан қазақ халқының батырымен қоштасуға келіңіздер,»-деп жазған Наталья Садықова.

Оқи отырыңыз

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

56 жастағы Киевте тұратын қазақстандық белсенді, «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты белгісіз біреулер 18 маусымда көлігінің ішінде атып кеткен. Оқ самайына тиіп, ауруханада ота жасалған. Сол күннен бері жансақтау бөлімінде жатқан ол 2 шілде таң ата жан тапсырды.

Қастандыққа Қазақстанның 2 азаматы күдіктелген. 21 маусымда Украина бас прокурорының кеңсесі ұлттық полиция Жақанбаев пен Қаратаевты Қазақстан билігі жайлы сыни материалдар жариялайтын «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовқа қастандық жасаған күдіктілер деп атаған. Айдос Садықов хал үстінде жатқанда күдіктінің бірі Алтай Жақанбаев ұсталды. Сонда Қазақстан прокуратурасы екінші күдікті Мейрам Қаратаевтың «орналасқан жерін анықтау үшін» жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтқан. Қазақстан ақпарат құралдары Қаратаевтың Қостанай облысында полиция қызметкері болып жұмыс істегенін жазған. Қазақстан ішкі істер министрлігі оны 2019 жылы жұмыстан шығарғанын мәлімдеген.

Украина қауіпсіздік күштерінің мәліметі бойынша, «белгісіз адамнан тапсырыс алған» 33 жастағы Қаратаев пен 36 жастағы Жақанбаев 2 маусымда Киевке барып, жалдамалы пәтерде тұрып, қылмыс жасауға дайындалған. Іс материалдары бойынша, 18 маусымда олар Киевтің Шевченко ауданындағы Садықов тұратын үй маңына барып, ол аулаға көлікпен келгенде тапаншадан оқ атқан. Бұдан соң олар оқиға орнынан кетіп, тапаншаны зообақ маңына тастағаны айтылады.

Украина бас прокуратурасы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа байланысты күдіктілерге тағылған айыпты «адам өлтіруге оқталу» бабынан кейін «тапсырыс бойынша және топ болып адамды қасана өлтіру» бабына ауыстырған.

Қастандық болған күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жайтқа байланысты дипломаттар мен күштік құрылымдарға тапсырма бергенін, елдің ресми органдары » істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын» екенін мәлімдеген еді. Осыдан кейін Қазақстан бас прокуратурасы арнайы жедел іздестіру тобын құрып, тергеу бастағанын және қылмысты ашып, күдіктілерді ұстау мақсатындағы шараларды қолға алғанын хабарлаған.

Айдос Садықов 2010 жылға дейін сол кездегі «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Ақтөбе филиалының жетекшісі болды. Сол жылы ол бұл партиядан кетіп, «Гастат» аталатын қоғамдық қозғалыс құрды. Ол қозғалыс қытайлық «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясында тәуелсіз кәсіподақтардың құрылуына мұрындық болды. Садықов мұнайшылар құқығының бұзылмауын талап еткен акциялар өткізіп көзге түскен.

Кейін Садықов та елден кетіп, әйелі Наталья Садықова екеуі Киевте тұрған. Олар Украинада босқын мәртебесін алған. Ерлі-зайыптылар 2014 жылы «Бәсе» деп аталатын YouТube-арна ашып, билікті, ондағы жемқорлықты сынайтын видеолар жариялай бастаған.

Қазақстан ерлі-зайыпты Садықовтарға іздеу жариялаған.

БөлісуTweetSend

Ұқсас жазбалар

Жаңалықтар

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

Израиль Иранмен арадағы қақтығыс кезінде келген залалды 10 миллиард шекель (шамамен 3 миллиард АҚШ доллары) деп бағалады. Бұл сома қолданылған...

Автор: aramedia.kz
27.06.2025
Жаңалықтар

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

CNN телеарнасы мен New York Times басылымы Америка барлауындағы дереккөздерге сілтеп, АҚШ-тың Иранға жасаған соққысы Тегеранның ядролық бағдарламасының негізгі компоненттерін...

Автор: aramedia.kz
26.06.2025
Келесі

Жарылыстармен аты шыққан шенеунік бас хатшы болды

Соңғы жазбалар

Иранмен зымыран атысы кезіндегі Израиль шығыны жарияланды

27 июня, 2025

АҚШ баспасөзі Трамптың Иран ядролық бағдарламасын «жоя алмағанын» хабарлады

26 июня, 2025

Мемлекеттігін мойындамайтын елмен мәміле. Иран мен Израиль бітімге қадам басты

24 июня, 2025

Иран-Израиль қақтығысына АҚШ араласты. Тегеранның жауабы қандай болмақ?

22 июня, 2025

Иранда қазақтар тұратын Горган маңына зымырандар түсіп жатыр. «Қазақ-махалла» аман

20 июня, 2025
АЭС Франция

Біріншісін қойып, екінші АЭС жайында айтыла бастады

18 июня, 2025

Жоба туралы

«Ара-медиа» ақпарат құралы ретінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тіркеу нөмірі: № KZ29VPY00089814 29.03.2024

Facebook Youtube Instagram

© 2024 Aramedia.kz

Facebook-f Twitter Youtube Instagram

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2024 Aramedia.kz