• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астана “бейбітшілік саммитіне” қатыспау уәжін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
17.06.2024
Астана “бейбітшілік саммитіне” қатыспау уәжін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан 15-16 маусымда Швейцарияда өткен «Бейбітшілік саммитіне» халықаралық іс-шаралар кестесіне байланысты қатыспады. Бұл туралы 17 маусымда Астанадағы брифингте сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Азаттық радиосы.

Оның сөзінше, Қазақстан кестесінде Украинада бейбітшілік орнату жайын талқылаған халықаралық конференция болмаған.

Смадияров «Қазақстан саммит нәтижесінде қабылданған құжатты қолдай ма?» деген Азаттық сұрағына «бұл мәселеге қатысты қандай да бір түсініктеме бере алмаймыз, өйткені біз қатыспадық. Құжат туралы да айта алмаймын» деді.

«Бейбітшілік саммитіндегі» қорытынды коммюникені осы жиынға қатысқан 78 мемлекет қолдады. Басында ұйымдастырушылар 80 ел қолдады деп хабарлаған, кейін тізімнен Ирак пен Иордания шығып қалды. Бұған не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бірнеше ақпарат құралы олар құжатқа қойған қолын қайтарып алды деп жазды.

Коммюникеде конференцияда талқыланған үш негізгі тақырып: гуманитарлық мәселелер, ядролық қатерді болдырмау және азық-түлік қауіпсіздігі енгізілген. 

Украина бойынша Швейцарияда өткен екі күндік саммитке 100-ге жуық ел мен халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты. Ресейді оған шақырмады. Мәскеу өзі қатыспаған іс-шараның мәні болмайтынын мәлімдеп, шақырса да бармас едік деген. Ресей Швейцарияны бейтарап ел деп санамайтынын айтқан.

Мәскеумен жақсы қарым-қатынастағы бірқатар мемлекет саммитке қатысқан жоқ, олардың қатарында Қытай, Египет, Пәкістан, Орталық Азия елдері, Африка мен Азияның көп елі бар. Саммит басталатын күннің қарсаңында Колумбия президенті де Швейцарияға барудан бас тартты.




Келесі
Германия полициясы Айгүл Сайлыбаеваның өлімі туралы түсінік берді

Германия полициясы Айгүл Сайлыбаеваның өлімі туралы түсінік берді

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.