• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Германия Украинаға әскери көмек берді. Leopard танкілері мен HIMARS құралы да бар

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
15.06.2024
Германия Украинаға әскери көмек берді. Leopard танкілері мен HIMARS  құралы да бар
Share on FacebookShare on Twitter

Германия Украинаға кезекті рет әскери көмек берді, оның ішінде он leopard 1А1 танкі және оларға оқ-дәрілер, сондай-ақ бұрын Берлинге Киевке беруге уәде еткен үш HIMARS реактивті қару жүйесі бар. Бұл жөнінде Азаттық радиосы Германия қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Украинаға берілген жаңа әскери көмек арасында мыналар бар:

  • орта қашықтықтағы нысананы жоятын IRIS-T SLM зениттік ракета жүйесі;
  • таяу қашықтықтағы нысананы жоятын IRIS-T SLS жүйесі;
  • екі Dachs беренді инженерлік мәшине;
  • жөндеу-эвакуация жұмыстарына арналған Bergepanzer 2 беренді мәшинелері;
  • минадан тазалағыш төрт Wisent 1 мәшинесі;
  • көлік отынын таситын 16 Mercedes-Benz Zetros көлігі;

бұған қоса оқ-дәрілер, қайықтар, атыс қарулары мен 4 млн дана оқ.

Мамырдың аяғында Германия үкіметінің өкілі Штеффен Хебештрайт Берлин Украинаға берген қаруды Ресей жеріндегі нысанаға шабуылға пайдалануға рұқсат етті деп мәлімдеген.

Бұның алдында, биыл наурыз айының аяғында Берлин Киевке әскери көмек ретінде барлау дрондарын, граната ататын қарулар, артиллериялық және Леопард танктеріне арналған снарядтар берген еді.

2024 жылдың ақпанында Украина мен Германия қауіпсіздік саласында және Киевке ұзақ мерзімді қолдау көрсету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Украина президенті Владимир Зеленский ол келісімді «бұрын-соңды болмаған» деп атап, бұл Германияның Украинаға биыл бергелі отырған жеті миллиард еуродан асатын көмегін нығайта түседі деп мәлімдеген.

Германия канцлері Олаф Шольц қол қойылған құжатты «тарихи қадам» деп атаған. Ол Берлин Киевке 1,1 миллиард еуроның жаңа әскери көмек пакетін дайындады, соның ішінде IRIS-Т әуе қорғанысы жүйесінің ракеталары, екі Skynex әуе қорғанысы жүйесі және артиллериялық 120 мың дана оқ-дәрі бар деп мәлімдеген.

Келесі
«Мемлекетке опасыздық жасады» деген өзбек дипломаты бостандыққа шықты

"Мемлекетке опасыздық жасады" деген өзбек дипломаты бостандыққа шықты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.