• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Туризмге — кедергі. Президент жол мен инфрақұрылымның нашарлығын енді көрді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
14 июня, 2024
Басты бет Саясат
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өтті. 13 маусымда Астанада болған жиында президент осы саладағы үкімет пен әкімдіктердің әрекетін сынады. Жолдар мен инфрақұрылымдардың кемшілігі де айтылған. Мемлекет басшысы сондайда темір жолдағы ахуалды да сынаған.

Премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, бас прокурор Берік Асылов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, үкімет мүшелері, Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, ұлттық компаниялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, туризм секторындағы бизнес қоғамдастық өкілдері қатысқан жиында тек президенттің не айтқаны жайла ресми мәлімет тарап отыр. 

«Экономиканың маңызды саласы саналатын туризм әзірге тиімді болмай тұр. Бұл — үкімет пен әкімдіктердің жіберген кемшілігі. Соңғы төрт жылда экономика құрылымындағы туризмнің үлесі 3,7 пайыздан 3,2 пайызға дейін азайып кетті. Бұл әлемдегі орташа көрсеткіштен үш есе төмен. Бұған қоса, аталған көрсеткіш бойынша біз климаты мен мәдениеті ұқсас көрші елдерге де есе жіберіп отырмыз. Туризм саласы қарқынды түрде даму үшін шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екені анық,» — деген президент.

Президенттің пікірінше, отандық туризмді тежейтін елеулі түйткілдің бірі — көлік инфрақұрылымының нашарлығы.

«Еліміздегі теміржол саласы сын көтермейді. Вагондардың көбі әбден ескірген. Кейбір вагондарда, тіпті, кондиционер де жоқ. Үкімет алдағы бес жылда вагондар паркін жаңартуға тиіс. Бұл жұмысты созбай, жедел аяқтау қажет. Сондай-ақ теміржол стансаларының аумағын абаттандыру керек, барлығы халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс. Жаз айларында жолаушылар саны күрт артатыны белгілі. Жұрт жиі баратын жерлерге жайлы вагондары бар пойыздарды көбейту қажет. Бұл — өте жедел атқаратын міндет. Автомобиль жолдарының сапасы да нашар. Әсіресе, шалғайда орналасқан демалыс аймақтарына көлікпен жету оңай емес. Тіпті, өте қиын. Тас жол жоқ деуге болады. «Астана — Алматы» бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары 2021 жылдан бері созылып келеді. Бұл — Қазақстанның оңтүстігі мен орталығын байланыстырып тұрған күре жол. Құрылысы аяқталмай жатқан тағы бірнеше жоба бар. Бұлар — Атырау — Астрахань, Талдықорған — Өскемен, Мерке — Бурылбайтал, Ақтөбе — Қандыағаш, Казталовка — Жәнібек бағыттары. Бір сөзбен, мұндай ахуал аймақтардың туристік әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермей отыр. Оның үстіне, жол жөндеу жұмыстарының сметалық құны жыл сайын қымбаттайды. Үкімет осы құрылыстарды биыл толық аяқтауы керек. Барлық бағыттар бойынша жұрттың кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету қажет,» — деді президент.

Ел басшысы биыл Қытайда Қазақстан туризмінің жылы деп жарияланғанын еске салып, туристерді көбірек тарту үшін мәдени әлеуетті пайдалану, шекара маңындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән беру маңызды екеніне назар аударды.

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Кешірім комиссиясының төрағасы Мәсімовтен өтініш түспегенін айтты

Мәсімов бостандығының кепілі Назарбаевты әшкерелеу екені айтылды

Соңғы жазбалар

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

Польшада Қазақстан дипломаты ұсталды. Астанада қорғаныс министрлігі растады

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Экипаждың соңғы мүшесінің сүйегі табылды

13 августа, 2025
Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.