• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент «ұсталған» министрін Ақордаға алдыртты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.09.2025
«Ұсталғаны» айтылып, жоққа шығарылған министрдің кездесу өткізгені хабарланды
Share on FacebookShare on Twitter

Даулы шенеунік Мұрат Нұртілеу «ұсталғаны » жөнінде сыбыс тарағаннан кейін шамамен екі аптадан кейін қызметінен босатылды. Оның орнын бұрынғы вице-премьер Ермек Көшербаев басты.

Мұрат Нұртілеудің сыртқы істер министрі қызметінен босатылғаны жөнінде жарлық 26 қыркүйекте таңертең Ақорда сайтында жарияланды. Нұртілеу президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Оның орнын Ермек Көшербаев басты. Ол 2025 жылдың ақпанынан бері премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2023-2025 жылдары аралығында Шығыс Қазақстан облысын басқарған. Оған дейін 2020-2023 жылдары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі болған. Оның алдында шамамен екі жыл сыртқы істер вице-министрі мен жауапты хатшы қызметтерін атқарған.

Жұма күні сонымен бірге Ержан Қазыхан президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен алынып, Женева қаласындағы (Швейцария) БҰҰ-ның бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. Осы күні Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті 2021 жылдан бері атқарған.

Президент 25 қыркүйек күні өзінің бес көмекшісі мен кеңесшісін қызметінен босатқан болатын.

Ал Мұрат Нұртілеу шамамен екі апта бұрын оның «ұсталғаны » жөнінде сыбыс тарағаннан кейін қызметінен босатылып отыр. Бұған дейін Orda.kz басылымы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев және ҰҚК-нің бірқатар қызметкері ұсталған деп хабарлаған. Бірақ ресми органдар ақпаратты дереу жоққа шығарған. Басылымның айтуынша, Қаңтар оқиғасынан кейін қысқа уақыт ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған Нұртілеу Гаджиевтің көмегімен арнайы қызмет ішінде көлеңкелі құрылым құрған. Ол Нұртілеудің мүддесі үшін аңдумен айналысқан, өздеріне жақпайтындарды қудалаған делінеді.

Келесі
Қилы кезең: Қонаевты кетіру. Ескі билікті айыптау

Қилы кезең: Қонаевты кетіру. Ескі билікті айыптау

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.