Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» (RSF) ұйымы қазақстандық журналист Вадим Борейкоға шыққан сот шешімін негізсіз деп атап, оның күшін жоюға шақырды.
13 қарашада Алматының Бостандық аудандық соты «Etude-Ybyrai» компаниясының Борейкоға қарсы талап арызын ішінара қанағаттандырған болатын.
Сот журналисті компанияның «іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратты» деп танып, даулы материалдарды өшіруге және YouTube пен Instagram-да теріске шығару жариялауға міндеттеді. Одан бөлек, компанияға 43 миллион теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттеді. Қорғау жағы айыппен келіспеген.







