• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.10.2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиеншары Нұрасыл Медеу Азаттық зерттеуінде айтылған екі оқу орнының бірін мемлекетке өткізетінін мәлімдеді.

Осы мәлімдеменің алдында ғана Азаттық радиосы зерттеуінде 23 жастағы Нұрасыл Медеудің екі оқу орнына иелік ететіні жарияланған болатын. Оның бірі Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университеті болса, екіншісі Қазақ ұлттық спорт университеті. Зерттеуде оқу орнының ғимараты мәлімдемеге дейін де мемлекетке қарайтыны айтылған.

Осындай жағдайда 17 қазанда президенттің туысының Қазақ ұлттық спорт университетін (KNUS) мемлекетке «өтеусіз беру жөнінде шешім қабылдағаны» жөнінде осы университеттің ресми сайтында жарияланды.

Сайттың жазуынша, Нұрасыл Медеу оқу орнында өткен салтанатты жиын кезінде «Кез-келген алыпқашпа әңгімеге нүкте қойғым келеді. Бұл – сату да емес, сенімгерлік басқаруға беру де емес, мәжбүрлі түрде жасалған қадам да емес,»- деп атап өткен.

Ол «студенттер алдындағы барлық міндеттеме толық көлемде сақталатынын», «бұрын тағайындалған құрылтайшы гранттары бойынша міндеттемелер де» орындалатынын айтып отыр. «Қазақстанның болашағына осындай үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе. Біз құрғанның барлығы жастарға, отандық спортқа және елімізге қызмет етуі керек», — деген университет «негізін қалаушы» ретінде аталатын Нұрасыл Медеу. Оқу орнын мемлекетке өтеусіз беру бастамасы ресми БАҚ-та спорттық білім беру жүйесін дамытуға, жас мамандарды даярлауға және спорт ғылымын ілгерілетуге бағытталған қадам ретінде аталған.

Мұндай мәлімдеме Азаттықта жарияланған зерттеуден бір күн өткеннен кейін жарияланғаны назар аудартады.

Зерттеуде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені, құрылтай депутаты Дана Медеуованың ұлы 23 жастағы Нұрасыл Медеудің мемлекет қолдауына ие екі оқу орнына — Жасанды интеллект ұлттық зерттеу университеті мен Қазақ ұлттық спорт университетіне — иелік ететіні айтылады. Екі университеттің де 95 пайыз үлесі Медеуге тиесілі, ал қалған 5 пайызы мемлекеттік компаниялардың еншісінде.

Зерттеу авторлары оқу орындарының мемлекеттік инфрақұрылым мен қолдауды пайдалануына байланысты ықтимал мүдделер қақтығысы туралы сұрақ көтереді. Нұрасыл Медеу бұл жетістікке «командасының көмегімен» жеткенін, өзіне ешқандай «артықшылықтар берілмейтінін», ал университеттердің инфрақұрылымы мемлекет меншігінде қалатынын айтқан.

Tags: Азаттық радиосыДана МедеуоважиенжиеншарзерттеуНұрасыл МедеуҰлттық спорт университеті
Келесі
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың "Артемида келісіміне" қосылды

Соңғы жазбалар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

Дәдебайға арналған дат. Журналистер Құрылтайдағы шектеуді өзгертуді ұсынды

22 октября, 2026
Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

Қазіргі майдан шегінде. Зеленский соғысты уақытша тоқтатуға болатынын айтты

21 октября, 2026
Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

Ташкенттен — Марс пен ғарышқа. Өзбекстан АҚШ-тың «Артемида келісіміне» қосылды

20 октября, 2026
Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

Халықаралық БАҚ зерттеуінен соң. Президенттің туысы университетін мемлекетке «сыйлай салды»

19 октября, 2026
Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

Алматыдан — Астанаға. Ресей консулдығы Қазақстан министрлігіне нота жолдады

16 октября, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Қазақстанды мекендеген хакерлердің Ресей МӨЗ-іне кибершабуыл жасағаны айтылды

15 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.