• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Ел басшысы елдегі нашар жолдан «саботаж» тапты, граффитиге де тыйым салмақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
19.09.2026
Ел басшысы елдегі нашар жолдан «саботаж» тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Президент, әкім, астана, Жеңіс Қасымбек

Share on FacebookShare on Twitter

19 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөз сөйледі. Сондайда ел басшысы ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аудару керектігін баса айтты.

«Бұл — біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз», — деп атап өткен президент.

Ел басшысы осы сөзінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбекке ғимараттардың қабырғасына граффити салатын тұлғаларға қатысты қатаң шара қолдануды тапсырды. Президенттің айтуынша, қалаларда бұған жол бермеу керек, әлемде вандализм мен бұзақылықтың сорақы көрінісі саналатын, қоғамдық орындарды бүлдіретін «шығармашылықтың» мұндай түріне толық тыйым салатын заңдық-нормативтік шаралар қабылдаған жөн.

Президент әділетті, қауіпсіз, озық және таза Қазақстанды құруды қастерлі парыз ретінде атап, адамдарды осы жолда белсенді жұмыс істеуге шақырды.

«Қасиетті Отанымызды дамытудың бұдан басқа жолы жоқ. Бәріміз адал, шыншыл және жауапты да болуымыз қажет. Кейбір уақытта байқалмай айтылған сөздердің зияны басқа әрекеттерге қарағанда әлдеқайда қауіпті болады. Соны ешқашан ұмытпаңыздар. Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар», — деген президент «Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде.

Tags: граффитижолдарсаботажТаза Қазақстаншығармашылық
Келесі
Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу үшін

Қазақстан Ресейге әскери техника мен қосын жібереді. Жаттығу үшін

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.