• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
11.09.2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қауіпсіздік кеңесі аппаратының кейбір мәселелері және президенттің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойып, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппараты туралы ережені бекіттті. Осы арқылы кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіліктері айқындалды.

Ережеге сай, Қауіпсіздік кеңесі мен оның аппаратына жаһандық сын-қатерлерге, ішкі ахуалдың өзекті аспектілеріне жан-жақты талдау жүргізу міндеті жүктелген.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасы орынбасарының құзырына кеңес төрағасының актілері мен тапсырмаларының, кеңес шешімдерінің, әсіресе, шұғыл отырыстарында қабылданған шешімдердің мүлтіксіз әрі толық орындалуын бақылау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін арттыру, заң мен тәртіпті сақтау салаларындағы іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру кіреді.

Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану, дербес деректерді қорғау, сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғаныс мәселелерімен айналысады.

Бұға қоса орынбасар осы шараларды іске асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыс орнатуға жауапты. Қауіпсіздік кеңесі аппаратының қызметін ұйымдастыру да орынбасардың мойнында.

Кеңес аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде президентке тікелей бағынып, есеп береді.

Ресми мәліметке қарағанда, бұл орган ұлттық қауіпсіздік саласындағы қауіпті бақылау ісін жетілдіріп, күшейтуге, мемлекетті басқарудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, кеңес төрағасы мен кеңес қызметіне институционалдық тұрғыдан қолдау көрсету және олардың шешімдерін орындау шараларымен айналысады.

Бұл міндеттерді белгілеу елдің егемендігі мен тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделері мен конституциялық жүйенің негіздерін сақтаудан туындағаны айтылады.

Белгілі болғанындай, 29 тамызда президент «мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қоя отырып, Қауіпсіздік кеңесі аппаратын құрған болатын. Соңынан 31 тамызда Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары ретінде соған дейін мәд-ақ министрі болған Аида Балаева тағайындалған. Ал 5 қыркүйекте Қауіпсіздік кеңесі аппаратының жаңа басшысы мен орынбасарлары тағайындалды.

2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасына дейін бұл кеңесті 2019 президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев заңдастырылған «мәңгілік төраға»ретінде басқарып келді. Сөйтіп жоғары билікке ықпал еткен. Қаңтар оқиғасының алғашқы күнінде, яғни 2022 жылдың 5 қаңтарында тұтанған қақтығыс кезінде президент Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығы өзіне өткенін ресми жариялаған.

Tags: БалаеваҚауіпсіздік кеңесіҚауіпсіздік кеңесінің аппаратымәңгілік төрағаНазарбаевТоқаев
Келесі
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.