• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Трамп Путиннің атынан жауап берді – Ресей Украинамен мәмілеге бейіл

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
10.09.2026
Бәтуа ма, бітім бе? Трамп пен Путин Украинаны талқылады
Share on FacebookShare on Twitter

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбіде журналистерге Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік келісіміне қол қоюға «Зеленский мен Путиннің бір-біріне деген өшпенділігі кедергі болып отырғанын» айтты. Трамп 8 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескені туралы ақпаратты растап, екеуара әңгімені «тамаша» деп сипаттады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

«Ол келісім жасағысы келеді, егер Зеленский де келісім жасағысы келсе, жақсы болар еді»,- деген АҚШ президенті.

Трамп бұған қоса соғысты тоқтатуға қол жеткізу үшін Ресейдің және Украинаның басшылығымен байланысты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Бірнеше күн бұрын Трамптың өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеу мен Киевке барып қайтқан еді. 5 қыркүйекте олар Кремльде президент Владимир Путинмен үш сағаттан астам келіссөз жүргізген. Ал келесі күні Киевте президент Владимир Зеленскиймен кездескен.

Ақ үй өкілі кейіннен Мәскеудегі келіссөзде «алдағы апталарда жарияланатын келесі қадамдардың нақты жоспарлары» талқыланғанын хабарлады. Уитткофф пен Кушнердің сапарынан кейін Ресей де, Украина да АҚШ-тың қатысуымен үшжақты келіссөзді қайта бастауға дайын екенін мәлімдеді. Келіссөз күндерінде тараптар атысты уақытша тоқтатқанымен, қонақтар Киевтен кеткен соң шабуыл қайта басталған.

Tags: ЗеленскийПутинТрампУкраинадағы соғыс
Келесі
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.