Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 тамызда Құрылтайдың алғашқы сессиясын шақырып, тиісті жарлыққа қол қойды. Осы аралықта саяси партиялар да өз депутатттарының тізімін жариялай бастады.
Белгілі болғанындай, Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамыз күні сағат 11-де Астанада басталады. Бұл туралы бүгін Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін жарияланған сайлаудың ресми қорытындысына сәйкес, оныншы парламент — бірінші шақырылымдағы Құрылтайға 5 саяси партия өткен: Құрылтайдағы 145 орынның 110-ын таяуда пайда болған, іс барысында бұрынғы «Аманат» партиясының мүшелері қамтылған «Әділет» партиясы, ал қалған орындарды бұған дейін парламентте болған «Ауыл» (10), «Ақ жол» (8), Respublica (9) мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары (8) өзара бөліскен еді.
Құрылтайдың алғашқы мәжілісі шақырылысымен «Әділеттен» басқа партиялар өз депутаттарының тізімін жариялады.
Парламент сайлауы 23 тамызда өткен. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қортындысын кеше, 25 тамызда жариялаған.






