• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

«Батарейка мен оттық жұтқан». Думан Мұхаммедкәрімнің түрмедегі ахуалы алаңдатады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
05.08.2026
Сотта үкім оқылды. Думан Мұхаммедкәрім прокурор сұраған 7 жылға кесілді

Думан Мұхаммедкәрім. Азаттықтың суреті

Share on FacebookShare on Twitter

Алматыдағы Адам құқығын қорғау бюросында түрмедегі журналист әрі белсенді Думан Мұхаммедкәрімге қатысты баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмас Тілепов, адвокаты Ғалым Нұрпейісов және қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы қатысты.

Белсендінің әкесі Алмас Тілепов ұлымен кездесе алмай жүргенін айтты. «Қызылордаға барғаннан бері ұлымды бір-ақ рет көрдім. Ұлыммен жолығуға толық құқым бар еді… Шешесі ауру. 1 жыл 8 айдан бері шешесімен сөйлестірмеді. Бұл — қатігездік, адамды қинау», — деді ол.

Алмас Тілепов жақында Қызылорда түрмесіне барып қайтқан. Алайда түрме басшылығы ұлымен кездестірмеген.

Осы баспасөз мәслихатында Рысбек Сәрсенбайұлы Думан Мұхаммедкәрім батарейка мен оттық жұтқанын айтты

«Думан Мұхаммедкәрім батарейка мен оттық жұтқан. Думанды осыған жеткізді, мәжбүрледі», — деді ол.

Бұған дейін Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті «Думан Мұхаммедкәрім денсаулыққа зиян келетін заттар жұтты» деген ақпаратты терістеген.

Думан Мұхаммедкәрім — журналист, белсенді. Ол бірнеше телеарнада жұмыс істеп, кейін «Не дейді?» You-Tube арнасын ашты. Бұл арнада саяси мәселелерді ашық талқылаған. Ол You-Tube арнасына Қаңтар оқиғасына қатысты көптеген видео жүктеп, билікті ашық сынаған. Ол 2023 жылы ұсталып, 2024 жылы жеті жылға сотталды.
Журналист «Экстремизмді қаржыландырды» және «Тыйым салынған ұйым ісіне араласты» деп айыпталды. Журналистің сотталуына Мұхтар Әблязовтан алған сұхбаты себеп болған.

Tags: Алмас ТілеповДуманМұхаммедкәрімРысбек Сәрсенбайұлы
Келесі
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Екі жарым жылға қамау, үш жарым жылдық тыйым. Белсенді тағы да сотталды

Соңғы жазбалар

ЕҚЫҰ Құрылтай сайлауын саяси плюрализмі жоқ ортада өтті деп таныды

ЕҚЫҰ Құрылтай сайлауын саяси плюрализмі жоқ ортада өтті деп таныды

25 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Сайлаудағы сауалнама бойынша алдын-ала нәтиже жарияланды. Кімнің аты озуы мүмкін?

24 августа, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

24 августа, 2026
Қысқарту қарқынынан соң. Журналистерді қорғау комитеті Конгрессті USAGM-ді қорғауға шақырды

Сайлауға санаулы күн қалғанда. Азаттықтың желідегі парақшасы бұғатталды

21 августа, 2026
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Ішкі істен шеттетілген Назарбаев сыртқы саясаттан да аластатылды

19 августа, 2026
Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

Сайлау қарсаңында. 8 жылға бостандығынан айрылған журналист 5 жылға журналистикадан шеттетілді

18 августа, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.