• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Министрлік Ресейге шабуылдың қазақ жерінен жасалу мүмкіндігін жоққа шығарды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
08.07.2026
«Мәскеу көз жасына сенбейді». Қала 200 шамалы дрон нысанасына ұшырады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан сыртқы істер министрлігі ел аумағы Ресейдегі нысандарға шабуыл жасаған ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру үшін пайдаланылуы мүмкін деген ақпаратты теріске шығарды.

Kazinform агенттігінің ведомствоға сілтеп хабарлауынша, соңғы күндері кейбір БАҚ Қазақстан аумағына қатысты «арандатушылық сипаттағы» мәліметтер таратқан.

«Сыртқы істер министрлігі аталған мәлімдемелердің шындыққа жанаспайтынын және ешқандай деректермен немесе фактілермен расталмайтынын мәлімдейді», — делінген ресми хабарламада.

Ел министрлігі мұндай жарияланымдарды Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі «достық қатынастың сипатын бұрмалауға бағытталған негізсіз жорамалдар» деп бағалады.

Министрлік Қазақстанның тату көршілік, өзара құрмет және мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидаттарына негізделген бейбітсүйгіш әрі теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы өз аумағының, әуе кеңістігінің және инфрақұрылымының басқа мемлекеттерге қарсы бағытталған іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін пайдаланылуына жол бермеу қағидатын берік ұстанатынын тағы да атап өтеміз,» — делінген хабарламада.

Осыған байланысты ведомство БАҚ өкілдері мен өзге де тұлғаларды тек тексерілген деректерге сүйенуге және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға шақырған.

Соңғы кезде Украина Ресейдің Қазақстанмен шектесетін тұстағы стратегиялық нысандарын атқылап жатқаны белгілі. Украинадан ұшатын дрондардың 2,5 мың шақырымды еңсеретіні айтылады.

Tags: дрон шабуылыҚазақстанРесейРесей-Украина соғысыУкраина
Келесі
Қазақстандық белсенді Мәскеуден қайтарылды

Жасылдардың жанжалы. "Байтақ" партиясы құрылтайға бір топ кандидат атады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.