• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әділет

Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
03.07.2026
Президент Тоқаев қатысқан жиын. Еуроодақтағы басқосуда Қазақстандағы адам құқығы қозғалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Бельгиядағы кездесуде Еуропа Одағының басшылары Қазақстандағы адам құқығы мәселесін көтерді. Бұл туралы Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич мәлімдеді. Брюссельдегі кездесулерді қорытындылайтын баспасөз жиынында елші Қазақстандағы конституциялық реформа мен оның инвестициялық климатқа әсері жайлы да сөз етті.

Азаттық радиосының хабарлауынша, 3 шілде күні Еуроодақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич Астанада журналистермен кездесіп, Қазақстан мен Еуроодақ басшыларының кездесуі қалай өткені жайлы пікір білдірді. Елші сапар қарсаңында жолданған құқық қорғау ұйымдарының хатынан хабардар екенін, басшылардың кездесуі кезінде ол хат сөз болғанын мәлім етті.

«Иә, қос президент те ол хатты алды. Адам құқығы құқығы мәселесі қозғалды және ол әсіресе инвестициялық климат тұрғысынан талқыланды. Президенттер хаттағы әрбір жеке істің мән-жайына үңіле қойған жоқ. Бірақ олар бұл хатты атап өтіп, адам құқығын және заң үстемдігін құрметтеу инвестициялық климат тұрғысынан Қазақстан беделін күшейтетінін айтты»,- деген елші Алешка Симкич.

Президент Тоқаев 22-23 маусымда Брюссельге сапарлап, Еуропалық кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездескен. Сондай-ақ ол «Қазақстан және Еуроодақ» дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар еуропалық компания басшыларын қабылдаған.

Сапар қарсаңында штаб-пәтері Брюссельде орналасқан Адам құқықтары бойынша халықаралық серіктестік (International Partnership for Human Rights, IPHR) және Қазақстанның адам құқықтары мен заңдылықты сақтау бюросы Еуроодақ басшыларын Қазақстанмен қарым-қатынаста адам құқықтары мәселесін назардан шығармауға шақырып, елде саяси қудалауға ұшырап отыр деген журналистер мен азаматтық белсенділердің ісін атап өткен.

Ақорда баспасөз қызметі Брюссельдегі сапар жөніндегі хабарларында бұл хатты және адам құқығы мәселесі қозғалғаны туралы ақпарат бермеген.

Алешка Симкич бұған қоса Еуроодақтың Қазақстан аумағында босқындарға арналған лагерьлер салу мәселесін талқыламағанын да атап өтті. Айтуынша, мұндай шешімдер тек тиісті мемлекеттің келісімімен ғана қабылданады және ЕО оларды біржақты түрде жүзеге асыра алмайды. Бұдан алдын Қазақстан мен Өзбекстанның Еуропадан босқындар қабылдап, лагер ашатыны жайында қауесет тараған.

Tags: адам құқығыАлешкаАнтониу КоштабосқындарБрюссельТоқаевУрсула фон дер Ляйен
Келесі
Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Астана күні. Президент экс-президентті туған күнімен құттықтады

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.