• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Парламентке айналған құрылтай депутаттарын сайлау күні жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.07.2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанның жаңа парламенті құрылтай сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа бүгін, 1 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

«Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын» делінген жарлықта орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындық жасап, оны өткізуді ұйымдастыруы керектігі айтылған.

Бүгін, 1 шілдеден бастап Қазақстанда 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Соған сәйкес парламенттің екі палатасы – мәжіліс пен сенаттың өкілеттігі тоқтатылды.

Парламенттік реформа туралы президент 2025 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында айтқан болатын. Сол кезде Парламент бір палаталы жүйеге көшетіні, ал сенат пен мәжілістің таратылатыны жарияланды. Сонда Конституцияға енгізілетін қосымша түзетулерді әзірлейтін жұмыс тобы құрылды.

15 наурызда өткен республикалық референдумда дауыс берген азаматтардың 87,15 пайызы конституциялық реформаларды қолдағаны жарияланып, жаңа Конституция қабылданды.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін президент жанында консультативтік-кеңесші орган ұлттық құрылтай жұмыс істеп, қазір оның да жұмысы тоқтатылды. Жаңа Конституция бойынша ұлттық құрылтай халық кеңесіне айналды. Ол бұрынғы Қазақстан халқы ассамблеясын алмастырды. Жаңа парламентті «құрылтай» деп атауды президент ұсынған.

Tags: Жаңа Конституцияқұрылтайсайлау
Келесі
Amanat қиянат жасады ма? Партияның сайлауға қатысудан бас тартқаны айтылды

Amanat қиянат жасады ма? Партияның сайлауға қатысудан бас тартқаны айтылды

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.