• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
01.06.2026
Қазақстан Иран уранын сақтап бере алатынын ресми жариялады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені шешуге техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін ресми мәлімдеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев жариялады.

«Біз бұл бағыттағы міндеттемелерімізді растап, ізгі ниет негізінде техникалық көмек көрсетуге дайын екенімізді білдірдік,»- деді ресми өкіл 1 маусым, дүйсенбі күнгі дәстүрлі баспасөз мәслихатында. Ол бұл мәселенің шартын да атап өтті.

«Мұның бәрі тиісті мәселелердің шешілуіне және барлық тараптардың келісіміне байланысты», — деген Ерлан Жетібаев. Ол Қазақстанның Иран ядролық бағдарламасына қатысты көпжақты келіссөздер барысын мұқият қадағалап отырғанын атап көрсеткен.

«Қазақстан жауапты көпжақты ынтымақтастық қағидаттарын ұстанады және тұрақтылықты, қауіпсіздікті және диалогты нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды қолдайды», — дейді Жетібаев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы аз байытылған уран банкі Халықаралық атом энергиясы агенттігіне тиесілі.

Бұған дейін Financial Times газетіне берген сұхбатында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келген жағдайда Қазақстан Иранның уран қорын қабылдауға дайын екенін айтқан болатын. Гроссидің сөзінше, ол бұл мәселені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанаға сапары барысында талқылаған.

Әңгіме Иран қоймаларында сақталған 60 пайызға дейін байытылған шамамен 440 келі уран туралы болып отыр. Оның болашағы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердегі ең күрделі мәселелердің бірі саналады. АҚШ президенті Дональд Трамп бұл материалды Иран аумағынан шығаруды талап етсе, Тегеран уран қорын бермейтінін ашық мәлімдеген. Financial Times басылымының бағалауынша, Иран ураны 90 пайызға дейін байытылған жағдайда шамамен 10 ядролық қару жасауға жеткілікті болады.

Гросси Қазақстанда МАГАТЭ қамқорлығымен құрылған төмен байытылған уран банкі жұмыс істеп тұрғанын атап өтіп, елде ядролық материалдарды қауіпсіз сақтауға қажетті инфрақұрылым бар екенін айтқан. Алдағы БҰҰ бас хатшылығына ықтимал үміткердің бірі саналатын Рафаэль Гросси Қазақстанға 25–27 мамыр аралығында сапармен келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен.

Tags: ГроссиИрануран
Келесі
Қонаевты «баяғы жартас» атаған Тоқаев «штрафстан» авторларын айыптады

Қонаевты "баяғы жартас" атаған Тоқаев "штрафстан" авторларын айыптады

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.