• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
25.05.2026
Соғыстың соңы немен бітері белгісіз. Бірақ Иран Ормуздағы өткел үшін алым алудан дәмелі
Share on FacebookShare on Twitter

Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы бойынша даулар жалғасып жатқан кезде навигациялық қызметтер үшін үшін ақы алатынын мәлімдеді.

Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлады. 

Хабарға қарағанда, Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бақаи дүйсенбі күні Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден «навигациялық қызметтер» үшін ақы алып жатқанын, алайда мұны бұғаздан өту үшін алынған алым ретінде қарастырмайтынын айтқан.

«Ормуз бұғазы, Парсы шығанағы және Оман теңізінде навигациялық көмек және қоршаған ортаны қорғау шараларын қоса алғанда көрсетілетін қызметтер белгілі бір алым жинауды талап етеді», — деген Бақаи апта сайынғы өтетін баспасөз жиынында.

Бақаи Иран мен Оманның Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігі үшін хаттама бойынша жұмыс істеп жатқанын және тиісті тетікті құру бойынша консультациялар жүргізіліп отырғанын хабарлады.

Айтуынша, Тегеран мен Маскат бұғазды еркін сауда және қауіпсіз кеме қатынасы үшін пайдалануды қолдайды.  

Тегеранның мәлімдемелері Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы кеме қатынасы басқармасы (PGSA) БАӘ мен Оман талап ететін сулардың бір бөлігін қамтитын реттеуші аймақтың картасын жариялағаннан кейін бірнеше күн өткен соң жасалды.

Жауап ретінде Бахрейн, Кувейт, Қатар, Сауд Арабиясы және БАӘ Халықаралық теңіз ұйымына бірлескен хат жолдап, кеме компанияларын PGSA-мен байланыс орнатпауға және Иран ұсынған бағыттарды пайдаланбауға шақырды. 

Ормуз бұғазы әлемдегі ең маңызды энергия ресурстарын жеткізу жолдарының бірі болып қалып отыр. Қалыпты жағдайда бұғаз арқылы әлемдік мұнай мен газ саудасының шамамен бестен бір бөлігі өтеді. 

Осыған дейін Иран Ормуз бұғазын басқаруға арналған жаңа органның құрылатыны айтылған.

28 ақпанда Израиль мен АҚШ әскері Иранға қарсы дрон, зымыран және әуе шабуылын ұйымдастырып, жоғары басы аятолла Хаменеи бастатқан елдің ондаған әскербасыларының көзін жойған. елдің инфрақұрылымына шабуылдаған. Кейін Иран Ормуз бұғазын жауып тастағанда, АҚШ та оны сырттан қоршап, кемелерді бұғаздан шығармай, немесе бұғазға барғызбай кедергі жасап келеді. Иран мен АҚШ 8 сәуірде уақытша бітім жариялағанымен, соғысты аяқтау туралы келіссөз жалғасуда. Ормуз мәселенің басты бөлігі болып отыр.

Tags: алымИранОрмузПарсы шығанағы
Келесі
Керекуде ұшақ құлады. Бір ұшқыш қаза тапты

Керекуде ұшақ құлады. Бір ұшқыш қаза тапты

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.