• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Жақтауға болмайды. Сайлауда желідегі саяси жазба үшін айыппұл салынатыны айтылды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.05.2026
Жақтауға болмайды. Сайлауда желідегі саяси жазба үшін айыппұл салынатыны айтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларына сайлау кезінде партиялар мен кандидаттарға тегін қолдау көрсеткені үшін айыппұл салынуы мүмкін. Мұны Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов Мәжілісте жаңа заң жобасын талқылау кезінде мәлімдеді.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Сондайда партия рәміздері бейнеленген жазбаларды, партия логотипі бар киім киген адамдардың фотосын немесе видеосын жариялаған және сайлау кезінде партиялар мен кандидаттарға ақысыз қолдау көрсеткен әрекет үшін айыппұл салынуы мүмкін.

Талқылауға депутат Никита Шаталовтың партияларды қолдау мақсатында ақысыз контент жариялайтын блогерлер жайлы сұрағы себеп болды.

«Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) блогердің әрекеттерін мұндай жағдайда қалай жіктейді? Азаматтың тәуелсіз үгіт-насихаты, жасырын үгіт-насихат немесе шығындар мен есепте көрсетілуге тиіс үгіт-насихат элементі ретінде ме?» — деп сұрады Шаталов.

ОСК хатшысы Шавкат Өтемісов егер блогер кандидатпен немесе партиямен келісімшарт бойынша қарым-қатынаста болмаса, олардың әрекеттері жасырын үгіт-насихат ретінде қарастырылуы мүмкін деп жауап берді.

«Егер мұндай жазбаша келісім болмаса, онда ол жасырын үгіт жүргізу болып саналады. Бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 118-бабы бойынша жазаланады», — дейді Шавкат Өтемісов.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 118-бабында кандидаттарға немесе саяси партияларға олардың жазбаша келісімінсіз қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалар жауапкершілік арқалайтыны айтылған. Ондай жағдайда жеке тұлғаға 20 АЕК (шамамен 86 500 теңге / 190 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға салынатын айыппұл көлемі одан да жоғары.

Tags: желісайлаусаяси жазбасөз бостандығы
Келесі
Жаңа бекітілген «Ясауи» ордені алғаш болып Ердоғанға бұйырды

Жаңа бекітілген "Ясауи" ордені алғаш болып Ердоғанға бұйырды

Соңғы жазбалар

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

Ел басшысы елдегі нашар жолдан саботаж тапты, граффитиге де тыйым салмақ

19 сентября, 2026
Президент Тоқаев алдағы президент сайлауына қатыспайтынын кесіп айтпады

Жаңа да ескі төрағалар. Президент тағы да қайта тағайындауларға қол қойды

18 сентября, 2026
«Бұл тұлғаны жақсы білесіздер…» Спикерлікке жаңа жасақталған партия басшысы ұсынылды

Құрылтайдағы құрқылтай ма? Парламентте 50 адамдық қоғамдық палата құрылмақ

16 сентября, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Қандасқа тест міндеттелгенде делдалы да табыла қалды. Министрлік ескертеді

15 сентября, 2026
Сәтқалиевтің министрлігі сұйытылған газ бағасын да өсірмек

Депутаттың дегені расталып келеді. Жанармайдан зардап шеккендер шағымы артты

14 сентября, 2026
Ақорданы «басып алмақ болғандарға» 8 жыл түрме жазасы сұралды

Кезінде Назарбаев мәңгілік төрағасы болған. Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа ереже бекітілді

11 сентября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.