• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
07.05.2026
Ақордадан шыққан шенеунік 2 күннен соң жаңа партияның төрағасы болды
Share on FacebookShare on Twitter

7 мамырда жаңадан құрылған «Әділет» партиясына президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебай төраға болды. Партияның құрылуын, қарарын, төрағасын делегаттар бірауыздан мақұлдады.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Астанада «Әділет» партиясын құру бойынша құрылтай өтіп, жиында 931 делегаттың барлығы партияның құрылуын қолдады. Жаңа партияның саяси кеңесінің құрамының басында бірнеше күн бұрын президент әкімшілігі басшысы қызметінен босатылған Айбек Дәдебай тұр. Яғни, ол партияны басқарады.

Бұған дейін Ақорда Дәдебайдың «саяси-қоғамдық жұмысқа ауысатынын» айтқан еді.

Құрылтайда бір ауыздан партия төрағасы болып бекітілгеннен кейін Дәдебай сөз сөйлеп, «Өздеріңіз сенім артып, партия төрағасы болып сайлану – мен үшін мәртебе және аса жауапкершілік. Партияны құрудағы мұратымыз – мансап та, атақ та емес. Біз әділетті ел, әділетті қоғам құру үшін біріктік. Сол ортақ талабымыз оң болсын. Басты идеямыз – әділдік. Біз үшін әділдік әсте жалаң ұран емес, ол – мемлекетіміздің тұрақтылығының негізі, қоғамдағы сенім, әр азаматтың мемлекетке деген сенімінің айнасы», — деген.

46 жастағы Айбек Дәдебай 2 күн бұрын ғана президент әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған. Сонда Ақорданың баспасөз хатшысы Айбек Смадияров президент оның атқарған жұмысына жоғары баға бергенін айта келіп: «Алдағы уақытта Қазақстанда үлкен саяси кампания өткелі тұр. Осындай маңызды әрі жауапты кезеңде Айбек Дәдебай президенттің жеке тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси бағыттағы жұмыстарды қолға алады», — деп мәлімдеген.

Tags: Айбек Дәдебайәділетпартияреформа
Келесі
Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

Депутат облыс әкімі болып тағайындалды

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.