• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Таңдаулы

Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
23.04.2026
Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты
Share on FacebookShare on Twitter

22 сәуірде бір топ қазақстандық журналист билікке ашық үндеу жасап, «Көрінеу жалған ақпарат таратуды» Қылмыстық кодекстен алып тастауды және Қылмыстық кодекстің 274-бабын қайта қарауға шақырды.

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Қазақстан баспасөз клубындағы баспасөз мәслиханытнда спикерлер аталған бап өте бұлыңғыр жазылғандықтан және «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін ақпаратты» ажырататын нақты критерийлер болмағандықтан журналистер мен белсенді қолданушыларды қудалаудың құралына айналып кеткенін айтты.

Жиынға Марат Әсіпов, Лұқпан Ахмедияров, Ардақ Бөкеева, Қарлығаш Еженова және Нәзира Дәрімбет тәрізді журналистер қатысқан. Айтуларынша, аталған бап бойынша күдікке ілінген журналистер де-факто сот үкімі оқылғанға дейін жазаланады – яғни, олар үймамаққа алынып, кәсіби міндеттерін орындаудан шеттетіледі.

Олар тергеу органдары мен соттарда 274-бап бойынша бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін дамыту қажет деп санайды. Журналистер осы баптың алғашқы екі бөлігін декриминализациялауды, сол бөлікті әкімшілік кодекске ауыстыруды ұсынады. Жиын спикерлері тиісті үндеуді ақпарат министрлігі, Жоғарғы сот, парламент, президент әкімшілігі мен бас прокуратураға жолдады.

Қазір «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша Orda ақпараттық ресурсының бұрынғы бас редакторы Гүлнара Бажкенова, «Айтпа, Ботагөз» телеграм-арнасының авторы Ботагөз Омарова, ҚазТАГ-тың бас редакторы Әмір Қасенов үйқамақта отыр.

Қазақстанда бұған дейін де осы талап айтылған. Жақында оннан астам қазақстандық журналист ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдап, Қылмыстық кодекстен 274-бапты («Көрінеу жалған ақпарат тарату») алып тастауды сұрады. Олар бұл бап «журналистерге қысым жасау құралы ретінде жиі қолданылатынын» айтқан. Былтыр желтоқсанда да қазақстандық заңгерлер мен журналистер тобы Қылмыстық кодекстегі «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабын әкімшілік кодекске көшіріп, ізгілендіруді талап етіп петиция жариялаған.

Сәуірдің басында мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Искаков Қазақстанда Қылмыстық кодекстің көрінеу жалған ақпарат тарату туралы 274-бабын декриминализациялау немесе жұмсарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр деп мәлімдеген. Алайда одан бері бұл бағытта қандай да бір қадамдар жасалғаны хабарланған жоқ.

Батыстың құқық қорғау ұйымдары, халықаралық медиақауымдастық Қазақстанның Қылмыстық кодексіндегі 274-бапты сөз еркіндігін шектеу құралына жатқызады. Олар бұл баптың анықтамалары жалпылама және «көрінеу жалған ақпарат» деген түсінік нақты емес, бұл — сот пен құқық органдарына айыптауда тым кең еркіндік береді деп санайды. Мысалы, Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы жалған ақпаратты жариялау, тарату деген бап сөз еркіндігіне қауіп төндіретін бап деп атаған. Ұйым сарапшылары Қазақстанда билікті сынаушыларға қарсы осындай заң талабы мен бұлыңғыр қылмыстық айыптауды қолдану қалыпты жағдайға айналып кетті деп санайды.

Қазақстан билігі елде сөз еркіндігі мен баспасөз бостандығына кепілдік берілгенін, елде цензураға тыйым салынғанын, сонымен бірге заң талабына сай, ешкімнің ар-абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға, жала жабуға жол берілмейтінін айтады.

Tags: 274-бапжалған ақпаратжурналистеркөрінеусөз бостандығыүйқамақ

Соңғы жазбалар

Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты

Журналистер «жалған ақпарат» бабын Қылмыстық кодекстен аластату керегін айтты

23 апреля, 2026
Қазақстан мұнайының экспорты кемуі мүмкін

Ресей қысымына қарамастан қазақ мұнайы қысқармайтын түрі бар

22 апреля, 2026
Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

Ресей қазақ мұнайын «Дружба» арқылы Германияға жіберуді тоқтатуы мүмкін

21 апреля, 2026
«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

20 апреля, 2026
«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

17 апреля, 2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

16 апреля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.