• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
16.04.2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды
Share on FacebookShare on Twitter

Павлодардағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген екі әскери қызметкердің бірі оқ тиіп қаза тауып, екіншісі ауыр жараланған. Бұл туралы бейсенбі күні Pavlodarnews сайты хабарлады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атып, салдарынан сол жерде қаза тапқан, ал екіншісі жараланған,»- деп жазған онлайн-басылым ішкі істер министрлігінен алған ақпаратқа сүйеніп.

Мәліметке қарағанда, зардап шеккен адам шұғыл ауруханаға жеткізілген. Қазір ол Павлодар қаласындағы №1 аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты дейді.

Әлеуметтік желіде тарап жатқан бейресми ақпарат бойынша, төтенше оқиға 15 сәуір күні сағат 18:40 шамасында, №6679 әскери бөлімінің қызметкерлері сот қарауылынан автозакпен қайтып келе жатқанда болған. Ресми орындар әзірге бұл қазалы оқиғаның егжей-тегжейі жайлы басқа ақпарат жариялаған жоқ. Ішкі істер министрлігі Павлодардағы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

Елде кейінгі жылдары әскери қызметшілер мен курсанттар арасында өлім-жітім жиіледі. Әскери бөлімдер сарбаздар өлімін көбіне суицидпен, жеке отбасылық мәселелермен және денсаулық жағдайымен байланыстырады. Бірақ марқұм болған сарбаздардың туыстары мұнымен келіспей, балалары кісі қолынан қаза тапты деп күдіктенеді.

Tags: 6679әскери бөлімоқПавлодар
Келесі
«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

"Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім" деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

Соңғы жазбалар

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

Тоқаев Путинге соғысты уақытша тоқтатуды ұсынды. Ол ойланатын болды

25 июля, 2026
Белсендінің аштық жариялағаны енді хабарланды

Прокурор Ермек Нарымбаевты 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

24 июля, 2026
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Сайлауда сауалнама жүргізетін ұйымдар аталды

22 июля, 2026
Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

Чемпиондар айқасы. Испания тағы да әлем чемпионы болды

20 июля, 2026
ҰҚШҰ әскерінің құзырын кеңейтетін заң жобасы мәжіліске түсті

145 орындық құрылтай депутаттығына жеті партиядан 546 кандидат ұсынылды

16 июля, 2026
Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

Shymba Morning Rave таңғы рейвтері Shymbulak курортында қайта жанданбақ

14 июля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.