• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
13.04.2026
Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек
Share on FacebookShare on Twitter

Премьер-министр Виктор Орбан мен оның «Фидес – Венгрия азаматтық одағы» партиясы Венгриядағы 16 жылдық биліктен кейін парламенттік сайлауда оңшыл-центристік «Тиса» партиясына жол беріп, ойсырай жеңілді, деп хабарлайды Reuters.

«62 жастағы Орбан бүкіл Еуропа мен Америка Құрама Штаттарындағы консерваторлар арасында демократияның «либералды емес» моделінің сәулетшісі ретінде танымал болды, алайда ел ішіндегі қолдаудан айырылды – сайлаушылар экономикалық стагнациядан, халықаралық оқшауланудан және олигархтардың баюынан шаршады. Венгрияның ұлтшыл саясатының ардагері Виктор Орбан жексенбі күнгі парламенттік сайлауда жаңа оңшыл-центристік «Тиса» партиясына есе жіберіп, 16 жылдық биліктен кейін биліктен кетті, бұл оның Ресейдегі одақтастары мен АҚШ президенті Дональд Трамп үшін соққы болды», — делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Орбанның ойсырай жеңілуі «Тисаның» 45 жастағы көшбасшысы Петер Мадьярға Венгрияның 199 орындық парламентінде сенімді көпшілік дауысты қамтамасыз еткені ретінде аталды. Бұл Еуропа одағын демократиялық нормаларға нұқсан келтіреді деп атаған жүйеге айтарлықтай реформалар жасауға жол ашуы мүмкін.

«Дауыстарды толық дерлік санау нәтижесі бойынша «Тиса» 138 орынға ие болуы тиіс – бұл Мадьярға Орбанның конституциялық өзгерістерінің күшін жою және сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қажетті үштен екі бөліктен көп. Жексенбі күнгі рекордтық дауыс беру көрсеткіші көптеген венгрлердің бұл сайлауды ел үшін бетбұрыс кезеңі ретінде қабылдағанын айқындады», — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Орбанның 16 жылдық билігінің аяқталуы тек Венгрия үшін ғана емес, сонымен қатар Еуропа одағы, Украина және басқа елдер үшін де маңызды.

«Көптеген еуропалық көшбасшылар Венгрияның ЕО ішіндегі біржақты рөлінің аяқталуынан үміттенеді, бұл Украинаға бұған дейін Орбан бұғаттап келген 90 млрд еуро ($105 млрд) көлеміндегі несиені беруге жол ашуы мүмкін», — деп атап өтілген ақпаратта.

Орбан билікте Ресейге бүйрегі бұратын саясаткер ретінде есте қалды. Биліктен кеткен соң оның оппозицияға жылыстайтыны айтылады.

Tags: ВенгрияМадьярОрбансайлауТисаФидес
Келесі
Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.