• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бітімнің бірінші күнінде не болды? Трамп АҚШ әскері аймақта қалатынын жариялады

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.04.2026
Иран-Израиль қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны артты
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Трамп Иранмен жасалған келісім толық орындалмайынша, Америка әскері Таяу Шығыста қала беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Трамптың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеп Азаттық радиосы хабарлады.

«Американың барлық кемесі, ұшақтары, әскери қызметшілері, сондай-ақ ендігі айтарлықтай әлсіреген қарсыласты жойқын түрде қудалап, толық талқандау үшін қажет қосымша қару-жарақ, оқ-дәрі және өзге де құралдардың бәрі Иран аумағында және оның айналасында қол жеткізілген НАҚТЫ КЕЛІСІМ толық орындалғанға дейін қала береді», – жазған президент Truth Social әлеуметтік желісінде.

Трамптың айтуынша, егер «қандай да бір себеппен» келісім орындалмай қалса, онда «бұрын-соңды болмаған ауқымды әрі жойқын атыс басталмақ».

Осы аптаның басында Ақ үй басшысы Тегеранға қойған ультиматум мерзімі аяқталуына шамамен бір-екі сағат қалған кезде, АҚШ пен Иран 7 сәуір күні кешке атысты екі аптаға тоқтатуға келіскенін жариялаған. Трамп Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасы қайта жанданған жағдайда Иранға шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін мәлімдеген. Израиль бұл шешімді қолдағанымен, келісім шарты Ливанға жүрмейтінін айтқан. Бұдан кейін Тегеран АҚШ-қа егер Израиль Иранды жақтайтын «Хезболла» тобына (АҚШ пен Израиль террорлық ұйым деп таныған бұл топ Ливанда заңды күш саналады) қарсы операцияларын жалғастырса, атысты тоқтату режимінен шығуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Азаттық радиосының Иран қызметі – Фарда радиосының мәліметінше, АҚШ пен Иран атысты уақытша тоқтату туралы келісімге келгені жарияланғаннан кейін де Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі шектеулі күйде қалған. AFP ақпараты бойынша, кемінде екі кеме бұғаздан өтіп үлгерген, тағы бір кеме жолда келе жатыр. Бұған дейін ирандық басылымдар Израильдің Ливанға шабуылы жалғасып жатқандықтан бұғаз жабық болатынын жазған.

Сонымен бірге Иран нақты қандай талаптарға келіскені әлі толық түсініксіз. Трамп Тегеранмен мәміле Ормуз бұғазын кеме қатынасы үшін қайта ашумен қатар, Иранда ядролық қарудың болмауын да қамтитынын айтып отыр. Ол бұған дейін Тегеранның жойқын қаруға қол жеткізуіне жол бермеуді Израильмен бірлескен әскери науқанның басты мақсаттарының бірі деп атаған.

Сәрсенбі күні, АҚШ әскері Ираннан әзірге кетпейтіні жайлы жазбасын жариялар алдында Дональд Трамп Иранның бейбіт келісім бойынша 10 тармақтан тұратын шарттары туралы тараған ақпаратты «толық жалған» деп атады. Бұл туралы ол The New York Times пен CNN-ге ьерген сұхбатында айтқан.

The New York Times Ақ үйдегі дереккөзге сүйеніп, Иран жариялаған 10 тармақты жоспар Трамп бұған дейін «келіссөз жүргізуге мүмкіндік беретін жұмыс негізі» деп атаған құжаттан өзгеше екенін жазған еді. Басылым әңгіме екі бөлек құжат туралы болып отыр деп жазғанымен, олардың нақты айырмашылығын ашып көрсетілмеген.

7 сәуірде атысты тоқтату бітімі жарияланғаннан кейін қақтығысқа қатысушы екі тарап та жеңіске жеткенін жариялады. Трамп өз қоқан-лоққысын іске асырмағанын және Иранның шарттарына іс жүзінде келіскенін айтты. Тегеранның 10 тармақтан тұратын бейбіт бастамалары Иранға қарсы санкцияларды алып тастау мен Ормуз бұғазына Иран бақылауын орнатуды көздейді. АҚШ әкімшілігі барлық әскери мақсаттарға қол жеткенін мәлімдеді.

8 сәуірде Дональд Трамп АҚШ Тегеранмен «тығыз ынтымақтастықта» жұмыс істейтінін мәлімдеп, Иранда режимнің ауысуы «өте нәтижелі» болғанын айтты. Трамптың сөзінше, Иран енді уран байытпайды, ал АҚШ Иранмен бірлесіп қолда бар уранды қауіпсіз түрде сақталуын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, Трамп Иранға салынған тарифтер мен санкцияларды алып тастау мәселесі де талқыланып жатқанын айтты. Ол АҚШ-тың 15 тармақтан тұратын бейбіт жоспарына сілтеп, тармақтардың көбі қазірдің өзінде келісілді деп мәлімдеп тастады.

Ал 8 сәуір күні Израиль Ливанның оңтүстігіне жаппай соққы жасап үлгерді. Ливан премьер-министрі Наваф Салам Израиль шабуылдары халық тығыз қоныстанған тұрғын аудандарды қамтып, бірнеше өңірде, әсіресе Бейрутта, қарусыз бейбіт тұрғындардың өмірін қиғанын мәлімдеді. Елдің денсаулық сақтау министрлігі кешке қарай атқылаулар салдарынан кемінде 112 адам қаза тауып, 837 адам жараланғанын хабарлады.

Соққылар АҚШ пен Иран арасындағы бітім жарияланғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. Иран осы оқиғадан кейін қайтадан Ормуз бұғазын жабатынын айтқан. Израиль «Хезболла» позицияларын атқылап, Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға эвакуациялану қажеттігін ескертіп жатыр. Бұдан алдын Израиль АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға соққыларды екі аптаға тоқтату шешімін қолдайтынын мәлімдеген еді.

Бірақ Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ЦАХАЛ Ливанға соққыларды жалғастыратынын айтып отыр, өйткені оның пікірінше, Иранмен соғыстағы бітім Ливанға қолданылмайды. Бұл Пәкістанның мәлімдемесіне де қайшы келеді. Иранмен бітімге келуде делдал болған Пәкістан Ливан бағытындағы әрекеттер де тоқтатылатынын айтқан. Қақтығыста делдал болған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Иран мен АҚШ арасындағы екі апталық бітім «барлық жерде, соның ішінде Ливанда да» күшінде болатынын мәлімдеген.

Tags: бітімИзраильИранЛиванТаяу ШығысТрамп
Келесі
Президент сайлау айын жариялағанда «қайта құру» туралы айтты

Президент сайлау айын жариялағанда "қайта құру" туралы айтты

Соңғы жазбалар

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

«Сағынумен күн кешем мен ертеңді…» Ақын қазасынан соң қайда жерленетіні әртүрлі хабарланды

20 апреля, 2026
«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

«Өзім де БҰҰ-да қызмет еттім» деген Тоқаев ұйымды өзгерту ұсыныстарын айтты

17 апреля, 2026
Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

Әскери қызметкерлер атысқан ба? Бірі қаза тапты, бірі ауыр жараланды

16 апреля, 2026
Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

Қазақ еліне +1 саяси партия ма? Бұрынғы атаумен тағы бір бірлестік өзін жария етті

16 апреля, 2026
Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

Мадьярдың мерейі үстем болып, Орбан оппозицияға кетпек

13 апреля, 2026
Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

Иран мен АҚШ Исламабадтағы келіссөзде де мәмілеге келе алмады

13 апреля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.