• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
21.03.2026
«Түркістан бітімі» бола ма? Президент Таяу Шығыс келіссөзіне алаң ұсынды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21 наурызда Түркістанға сапарлап, көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Таяу Шығыс келіссөзіне Қазақстан алаң ұсына алатынын айтты.

Қазақстан қақтығыс болып жатқан аймақтың бір бөлігі екенін айтқан президент Астана бұл күрделі ахуалда дәнекер болмайтынын, бірақ бейбіт келіссөз үшін алаң ұсынуға дайын екенін атап өтті.

— Сондықтан осы қастерлі жерден барлық елдерге халықаралық қауымдастыққа үндеу жасағым келеді. Ең алдымен, азаматтық, экономикалық нысандарға қарулы шабуылдарды тоқтату керек. Содан соң келіссөздерді бастау керек. Қазақстан бұл күрделі ахуалда дәнекер болғысы келмейді, бірақ, өзіміздің жерімізді бейбіт келіссөздер үшін ұсынуға дайынбыз. Меніңше, Түркістанда осындай келіссөздер өткізуге болар еді. Алайда, бұл мәселе қақтығысқа тікелей қатысып отырған мемлекеттерге байланысты. Ең алдымен олар оң шешім қабылдауы керек. Ал менің ұсынысым бұл — қазақ халқының ізгі ниетінің көрінісі. Әбден кеш болмай тұрғанда қарулы іс-әрекеттерді доғарып, келіссөздерді бастау қажет сияқты, әйтпесе, әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауын айтпағанда, көптеген халықтың бейбіт өмірі, тыныштығы бұзылады, дүние жүзіндегі тұрақтылықтың тұғыры шайқалады, — деген президент Тоқаев.

— Баршаңызға белгілі, соңғы жылдары халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы. Көптеген елдерде қарулы қақтығыстар, тіпті, соғыстар болып жатыр. Бұл үдерістер әлем экономикасына кері әсерін тигізіп отыр. Оны біз Таяу Шығыстағы соғыстан көріп отырмыз. Соғыс әбден шиеленісіп кетті. Меніңше, бұл қақтығыста ақыры еш мемлекет өз пайдасына қол жеткізе алмайды, — деп қосты Қазақстан басшысы.

28 ақпанда АҚШ және Израиль Иранға шабуылдап, аятолла Хаменеидің көзін жойды. Содан бері Таяу Шығыс аймағы күнде зымыран және дрон атысынан көз ашпай келеді.

Tags: АҚШбітімИзраильИранкеліссөзТаяу ШығысТүркістан
Келесі
дрон, Иран

Ақорда Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдірді

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.