• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
09.03.2026
Ахеменидтер елі Хаменеилер еліне айналды. Иранда жаңа жетекшінің аты-жөні жарияланды
Share on FacebookShare on Twitter

Иранның қаза тапқан бұрынғы рухани көшбасшысы Әли Хаменеидің ұлы Муджтаба Хаменеи Ислам революциясы сақшылары корпуысының қысымымен әкесінің орнына тағайындалды. Бұл туралы ирандық ресми БАҚ және Ираннан тыс елдерде парсы тілінде хабар тарататын БАҚ хабарлады.

Муджтаба Хаменеидің сайланғаны туралы алдын-ала көп айтылғанымен, ресми түрде 9 наурыз күні жарияланды. Бұл туралы Сарапшылар кеңесі мәлімдеме жасады.

56 жастағы Сейед Муджтаба Хаменеи — бұған дейін Израиль мен АҚШ соққыларынан қаза тапқан Иранның бұрынғы жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеидің екінші ұлы. Ол Иранның саяси-діни элитасы ішіндегі ықпалды тұлғалардың бірі саналады. Ұзақ уақыт аятолла аппаратында жұмыс істеп, Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан.

Жаңа басшыны таңдау Ирандағы әскери қақтығыс жағдайында өтті.

Енді Мужтаба Хаменеи Иранның жоғарғы көшбасшысы ретінде мемлекеттегі барлық мәселелер бойынша соңғы шешімді өзі қабылдайды және іс жүзінде бүкіл билікті жеке дара уысында ұстайды деп күтіледі.

Мужтаба Хаменеи – Иран ислам республикасы тарихындағы үшінші жоғарғы көшбасшы. 1979 жылғы ислам революциясы нәтижесінде шах билігін құлатып, теократиялық режим құрған бірінші көшбасшы Рухолла Хомейни өле-өлгенше ел биледі. Ол қайтыс болған соң, 1989 жылдан бастап Иранның жоғарғы көшбасшысы болған аятолла Әли Хаменеи биыл АҚШ пен Израиль Иранға әуе шабуылын бастаған күні – 28 ақпанда қаза тапты. Содан бері бұл соғыс бүкіл өңірге тарады: Иран қарымта ретінде Израильмен бірге аймақ елдерінде орналасқан АҚШ-тың әскери базаларын зымыран мен дронмен атқылаған.

Бұған дейін Тегеранды қарсыласуды тоқтатып, берілуге шақырған АҚШ президенті Трамп аятолла Хаменеидің орнын ұлы Мужтаба Хаменеи басқанын қаламайтынын айтқан. Израиль Иранның жаңа көшбасшысы жарияланса, ол да адам ажал құшады деп мәлімдеген.

Трамп америкалық ABC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың мақұлдауынсыз Иранның жаңа көшбасшысы болған адам «ұзақ уақыт билікте қала алмайтынын» айтқан.

Жаңа көшбасшы туралы шешімін жария еткен Иранның Сарапшылар кеңесі «аса күрделі соғыс жағдайына және дұшпандар төндірген қауіп-қатерге қарамастан» өз таңдауын жасағанын мәлімдеген.

Муджтаба Хаменеиді тағайындауы Иранның ислам революциясы сақшылары корпусының қысымымен жүзеге асқаны айтылады. Аятолламен бірге осы корпустың негізгі әскербасылары қаза тапқан болатын. Ал қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, елдегі ықпалды тұлғалардың бірі, аятолла жолындағы батысқа қарсы қатаң саясатты жақтайтын Әли Лариджани Муджтабаның кандидатурасына келіспеген деген сөз бар. Алайда ол 9 наурыз күні Иранның ресми арналарына берген сұхбатында Муджтаба Хаменеидің әке жолын жалғастыратынына сенім білдіріп, ақ жол тілеген.

Tags: аятоллаӘлижетекшіИранкөсемМуджтаба
Келесі
дрон, Иран

Тоқаев Тегеранды тағы бір мәрте айыптап үлгерді

Соңғы жазбалар

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

Ол «иә» деді. «Әділет» бұрынғы билікшіл партиямен қосылуға келісім берді

14 июня, 2026
AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

AMANAT «Әділетке» қосылатын болған соң «Ақ жол» да басшысын ауыстырды

13 июня, 2026
Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ  ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

Шетелдіктерге Қазақстанға келмей-ақ ЖСН берілген. ХҚКО-ның заңсыз рәсімдеу ісі сотқа жолданды

12 июня, 2026
Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

Shymbulak-та отырғызылған 500 Тянь-Шань шыршасы сәтті жерсінді

11 июня, 2026
Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

Мемлекеттік күзет қызметі терроризмге қарсы операцияда ескертпестен оқ ата алады

11 июня, 2026
Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

Не болды, Пашинян? Армения премьерін бірінші болып Қазақстан президенті құттықтады

9 июня, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.