• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
26.02.2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғам белсендісі Оразалы Ержанов қамауға алынып, оның үстінен референдум туралы жазбалары үшін қылмыстық іс қозғалды.

ҚазТАГ агенттігінің осы мәселе туралы сауалына 26 ақпан күні Алматы қалалық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі төмендегідей жауап берген.

«Әлеуметтік желілерде шет елдік юрисдикцияда тіркелген байланыс нөмірлерін пайдалана отырып, шындыққа жанаспайтын ақпаратты, референдумға бойкот жариялау туралы үндеулерді және азаматтарды адастыратын басқа да мәліметтерді қамтитын жарияланымдар анықталды. Сайлау құқықтарын жүзеге асыруға кедергі жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – Алматы қаласының тұрғыны ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға заңсыз жарияланымдардың себептері мен мән-жайларын анықтай отырып, тергеу нәтижелері бойынша берілетін болады».

Полиция «азаматтардың пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заңбұзушылық болып табылмайды» деп сендіреді.

«Жауапкершілік тек көрінеу жалған ақпарат таратқаны және фактілерді бұрмалағаны үшін, соның ішінде азаматтарды адастыруға және қоғамдық жағдайды тұрақсыздандыруға, азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруына немесе сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге бағытталған әрекеттер үшін қарастырылған», — делінген полиция мәліметінде.

Еске салсақ, 4 ақпанда журналистер Дина Елгезек пен Жалғас Ертай Қазақстан Конституциясы жобасын сынағаннан кейін өздеріне полицияның қызығушылық танытқаны туралы мәлімдеген. 22 ақпанда Астана тұрғыны Қантемір Алмышевтің бұрын Конституцияға өзгерістер енгізуді жария түрде сынағаны үшін қамауға алынғаны белгілі болды.

Ал Оразалы Ержанов осы аптада ّAra media-ның Youtube желісіндегі арнасына сұхбат берген болатын.

Қазақстанда Конституцияның жаңа редакциясы үшін референдум 15 наурызға белгіленген.

Tags: конституцияқылмыстық ісОразалы Ержановреферендум
Келесі
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің қаза тапқаны хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің қаза тапқаны хабарланды 

Соңғы жазбалар

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

Конгресс сайлауы. Трамп ұнатпаған нәтижені мойындағанымен ішін бермей отыр

4 ноября, 2026
Каспийде кемі 12 сарбаз қаза тапты, хабарсыз кеткендер бар. Аза күні жарияланды

Теңізшілер қазасының 40 күндігінде. Премьер жүйедегі кемшілікті мойындады

3 ноября, 2026
Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

Президент Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына тартуға үндеді

30 октября, 2026
20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

20 жылдан соң. Британдық Борат Қазақстан халқынан кешірім сұрай салды

29 октября, 2026
Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

Құрылтайдағы жолдауда «мемлекетке қарсы қылмыс» пен жемқорлық аталды

28 октября, 2026
Журналист «қоғамдық сауалнама» үшін айыппұл арқалады

Журналистерге қысым туралы хабарлаған соң «Әділ сөз» қорының парақшасы бұғатталды

27 октября, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.