• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result

Тоғызқұмалақ дауы. Федерация депутатқа жауап берді

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
5 июня, 2024
Басты бет Қоғам
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат ұсынысынан кейін Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Қазинформ. 

Еске сала кетейік, кеше Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ ойынының атауын бір ізге келтіру үшін тоғызат деп атауды ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған болатын. 

Оның айтуынша, бүгінде бұл ойынның негізгі екі атауы орнығып отыр: қазақша — тоғызқұмалақ, қырғызша — тоғызкөргөл. Ішінара түрікше мангала/гечюрме аталады.

Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде ойынның аты «тоғызқұмалақ» аталады да, Қырғызстан жағы жарыс ұйымдастырғанда бұл ойын «тоғызкөргөл» болып шыға келеді. 

«Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірінше, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар, ол — Тоғызат. Этнограф Г.Загряжскийдің еңбегінен ойынның атауы XIX ғасырда тоғызат  аталғаны мәлім болып отыр. Осы деректерді ескере отырып, алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен тоғызат атауын қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз», — деді Мәжіліс депутаты.

Осыған орай тиісті федерация басшысы Әлихан Бәйменов үнсіз қалмады.

Оның айтуынша, ғасырлар бойы халық пайдаланып келген төл атаудан жирену, қасиетті ұғымдарға немқұрайлы қарау — ұлттық құндылықтар аясында қоғамды ұйыстыруға бастамайтын іс екені сөзсіз.

«Көзіқарақты кез келген адам „бұлар басқаны қойғанда Абайды танымай, Әуезовті оқымағандар ма?“ деп қайран қалған шығар. Бастамашылардың кімді оқитынын білмейміз, бірақ қағидалы ақиқатты түсінбейтіні анық. Тоғызқұмалақ — ұлттың мыңжылдық тарихы бар зияткерлік ойыны. ЮНЕСКО оны адамзаттың мәдени мұрасы деп 2020 жылы мойындаған. Тоғызқұмалақ ұлтымыздың әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің жарқын үлгісі болып табылады. Сырттан келген бірер адам түрлі пиғылмен атауын бұрмаласа — ондай тәсілді біздің мәдениет пен тарихи жадымызға қарсы сыртқы күштер талай қолданғанын тарихтан да білеміз. Тарихи, ғылыми дереккөздерде, көркем және ауыз әдебиетінде, ұлттың жадында ойын тек тоғызқұмалақ деп аталады» деп келтіреді Әлихан Бәйменовтың сөзін федерацияның баспасөз қызметі. 

Оның айтуынша, ұлттық ойынның атауы — Парламентке де, Үкіметке де, тоғызқұмалақ федерациясына да тиесілі емес. Ол еш адамның не ұйымның меншігіне жатпайды.

Ойынның да, оның атауының да иесі — қазақ халқы.

«Біздің перзенттік парызымыз — тоғызқұмалақты дамытып, қанатын кеңге жаю. Қазір әлемнің 50 астам елінде тоғызқұмалақ көзбе-көз ойналса, интернет арқылы 100 мемлекет тұрғындары түрлі сайыстарға қатысуда. 6 әлем чемпионаты 25-30 ел өкілдерінің қатысуымен өтті. Жаһанға танымал зияткерлік ойындар сайттарында тоғызқұмалақ көшбасшы орында. Қазақстанда 210 мың адам түрлі деңгейде тұрақты шұғылданып жүр. Мұның бәрі — ардагерлер, жаттықтырушылар, ойыншылар, оларды демеп, қолдап жүрген федерация, тоғызқұмалақ қайраткерлері, кәсіпкерлер, Туризм және спорт министрлігі мен жергілікті әкімдіктер, мәслихат депутаттарының бірлесе атқарып жүрген ісінің жемісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы тоғызқұмалақты дамытуға назар аударуы ортақ іске соны серпін берді. Біз әрі қарай да ұлттық мұраны насихаттап, дәріптеп, кеңірек таралуына жұмыс жасаймыз. Перзенттік парызымызды атқаруға ешкім кедергі бола алмайды. Қазақ барда тоғызқұмалақ дами бермек. Ұлт алдында зор міндеттер тұр. Азамат ретінде ел дамуының өзекті мәселелері бойынша жоғары мінберлерден келелі ой айтылғанын қалаймыз. Пікір алуандығын сыйлай отырып, қасиетті құндылықтармен ойнауға болмайтынын мәлімдейміз», — дейді Қазақстан және Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерацияларының президенті Әлихан Бәйменов. 

aramedia.kz

aramedia.kz

Келесі
Әшімбаев сұрақтан жалтарды

Әшімбаев сұрақтан жалтарды

Соңғы жазбалар

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

Сорбұлақтағы тікұшақ апаты. Екінші ұшқыш жерленді

12 августа, 2025
«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

«Росатом» салып беруі мүмкін АЭС-тің құрылысы басталды

8 августа, 2025
Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

Кремльдегі кездесу. Трамптың ультиматумы аяқталарда оның өкілін Путин қабылдады

6 августа, 2025
АҚШ Иранның Ресейге зымыран жеткізуінен сескенеді

Мәскеу орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарын қолға алатынын айтты

6 августа, 2025
Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

Қазақстан мен Ресейдің батыры болған ғарышкер дүниеден озды

5 августа, 2025
Сара Назарбаеваның жағдайы жайлы ресми хабарланды

Сара Назарбаеваның ем қабылдап жатқанына үшінші айға айналды

1 августа, 2025
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.