• Жоба туралы
  • Байланыс
  • Редакция туралы
  • Ақпарат жіберу
Aramedia.kz
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Жаһан
  • Әділет
  • Оқиға
No Result
View All Result
Aramedia.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Британдық компания қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ

aramedia.kz Автор: aramedia.kz
06.02.2026
Британдық компания  қазақ экономикасына арнаған инвестициясын тоқтата тұрмақ
Share on FacebookShare on Twitter

Британдық Shell мұнай-газ компаниясы қазақ үкіметімен арадағы сот дауына байланысты Қазақстанға қосымша инвестиция салуды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігіне сілтеп Азаттық радиосы хабарлады.

Қазақстанның шағымы негізінде қозғалған іс бойынша миллиардтаған доллар төлемдер талап етіліп жатыр.

Shell компаниясының бас директоры Ваэль Саван инвесторлармен әңгіме барысында Қазақстанға жаңа инвестиция салмас бұрын сот процестері бойынша «нақты картина» күтіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, инвестицияларды тоқтата тұру туралы шешімге құқықтық даудағы белгісіздік әсер еткен.

Blomberg-тің жазуынша, Қазақстан өз елінің сотында және халықаралық арбитражда қозғалған істерде Батыстың бірнеше мұнай компаниясынан өтемақы талап етіп отыр. «Осы айда Shell мен оның әріптестері дауда жеңілгені белгілі болды, соның қорытындысы бойынша олар 4 миллиард долларға дейін төлеуі ықтимал. Бұған қоса күкірттің төгілуі және жобаның құны бойынша да сот процесі жүріп жатыр» делінген Bloomberg хабарында.

Shell бұл даулар шетелдік компаниялар үшін инвестициялық ахуалды күрделендіріп отыр деп санайды. Компанияның ұстанымы бойынша, инвестицияларды тоқтата тұру шешімі елдегі жобалардан толықтай бас тартуды білдірмейді, алайда құқықтық қауіп шешілгенге дейін жаңа ірі капитал салымдарын кейінге қалдырады.

Shell қазір жүріп жатқан жобаларға қатысуын жалғастыра береді, бірақ алдағы инвестициялар сот процестерінің нәтижесіне және тараптардың талаптарын орындауға байланысты болмақ.

Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ жобасына қатысатын шетелдік компаниялар мен Қазақстан билігі арасындағы қарым-қатынас арбитраждық дауларға байланысты шиеленісе түскен. Қазақстан үкіметі консорциум келісімшарт талаптарын бұзды және мемлекетке берілуі тиіс қомақты соманы толық төлемеді деп есептеп, өтемақы талап еткен.

Tags: ShellинвестицияҚарашығанақ
Келесі
Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

Теңгелі Конституция. Ұлттық валюта Негізгі заң жобасына жол тапты

Соңғы жазбалар

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

Алматы облысында Мәскеудегі «Путинді қорлағандар» іздестіріліп жатыр

4 марта, 2026
Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

Таяу Шығыстағы соғыс. Қазақстан Иран басшыларына емес – халқына көңіл айта қалды

3 марта, 2026
Қазақстан министрлігі АҚШ президенті енгізген баж салығын түсіндірді

Әуе шабуылдарынан кейін. Трамп Иранның келіссөз ұсынғанын, өзінің келіскенін айтты

2 марта, 2026
Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

Ирандағы шабуыл. Хаменеидің «қаза тапқаны» хабарланды 

1 марта, 2026
«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Сайлау құқығын жүзеге асыруға кедергі». Белсендінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

26 февраля, 2026
Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

Депутат сауалы. Қазақ шенеуніктерін Эпштейнмен не байланыстырады?

26 февраля, 2026
  • Жоба туралы
Байланыс: +7 706 678 72 25

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Саясат

© 2025 «Ara–media» ЖШС - Барлық қүқықтары қоғалған.